KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886241
2019 жылы:  19956
бүгiн:  1
қазiр:  9
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.07.2016

   «Өнер» бөлімінің оқу залында Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың 90 жылдығына арналған «Қазақ қылқалам шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Сахи Романов – кино суретшісі, график, кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі. 1967 жылдан еңбек сіңірген өнер қызметкері, 1958 ж.- КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. 1926 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келді. Бейнелеу өнерімен Куйбышев қаласында соғыс жылдары айналыса бастады. Екі жыл Орынбор облысындағы балалар үйінде тәрбиеленді. Мәскеудің көркемсурет орта мектебінде оқып, 1955 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының көркемсурет бөлімін  бітірді. 1955 жылдан бастап «Қазақфильм» студиясында қоюшы-суретші болып қызмет атқара бастады.
   Ол «Біз осында тұрамыз» (1957), «Өмір жолы» (1959), «Із көкжиектен асып барады» (1962), «Қанатты сыйлық» (1964), «Ән қанаты» (1965), «Жангелдин отряды» (1967), «Найзатас баурайында» (1969), «Құлагер» (1972), «Даладағы қуғын» (1978) және тағы басқа көркем фильмдерді безендірді.
   Негізгі жұмыстары: қазақтың «Қырық өтірік» халық ертегісінің иллюстрациялары (1955), «Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы» (1960) сериясы, «Жайлау кеші» (1957), «Еңбек әні» (1958), «Жастық шақ» (1960), «Халық шебері» (1964), «Әңгіме» (1965), эпостар сериясы «Үш Қоңыр» (1960), «Баянауыл» (1964), «О. Сулейменовтің портреті» (1965),  «Қазақтардың өткен уақыты» (1965), «Сахна өмірі» (1965-1971), «Сұқ-Төбе», «Маңғышлақ» (1967), «Жамбыл», «Гурзуф» (1968), «Торайғыр» (1969), «Аяқ-Қалқан» (1969), «Күй. Кісен ашқан», «Ант. Жер туралы декрет», «Отан аспаны аясында», «Тұрсын», «Ш.Аймановтың портреті», «Автопортрет» (1973) графикалық сериялары, үш бөлімді «Нан» көркем суретті композиясы (1980).
   Сахи Романов өнердің түрлі саласында аянбай еңбек етті, әсіресе кескіндеме саласында жемісті еңбек етті. Сахи Романовтың көркем туындыларының қай-қайсысы болса да көркемдік аумағы мен мазмұндық салмағы жағынан құнды. Суретшінің есімі қазақстандық бейнелеу өнері мектебінің бастауында тұр. Жоғары кәсіби шеберлік, қажымас күш-қуат, бейнелеу айқындығы, шебердің барлық туындыларында ерекшеленіп тұратын пластикалық дәлдігі арқылы жалпыға танылды.
   Қазақстан Республикасының «Парасат», КСРО-ның «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапхананың кітап, мерзімдік басылымдар қорынан Сахи Романовтің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне келіңіздер!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование