KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886242
2019 жылы:  19957
бүгiн:  1
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.08.2016

   2016 жылғы 3 тамызда Көрмелер залында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Бүкілодақтық, республикалық және облыстық журналистік сайыстардың лауреаты Қ.Наурызбаевтың «Станция Матай Золотые пески» атты кітабының тұсаукесері өтті.  

   «Станция Матай Золотые пески» кітабын халықтыкі деп айтуға толық негіз бар, өйткені ол осы жерде дүниеге келіп, орта мектепті бітірген, қазіргі уақытқа дейін осынау түнерген, құмды жерде тұратын тұрғындарға арналған. Өте жан-жақты экскурсия жасап, тарихта пайда болған темір жол қатынасын ашты (Ұлыбритания), Ресей мен Қазақстанда. Түркістан-Сібір темір жол магистралі – ең ірі құрылыс салу туралы көп айтылды, бірінші кеңестік бесжылдықтың (екінші – ДнепроГЭС) құрылысы 1931 жылғы қаңтар айының басында басталды.
   Қ.Наурызбаев Матай станциясымен байланысты көптеген танымал тұлғаларды, олардың өмірі мен тағдырларына байланысты ой қозғаған. Мәселен, Матай паровоз депосының жөндеу шеберханасында 1942 жылы данышпан табиғи талант иесі М.Калашников жұмыс істей бастады, ол өзінің бірінші тапанша-пулеметін жасап, кейін ол (1949 жылы) қару-жарақ Кеңестік әскер қаруы ретінде қабылданды. КСРО жоғарғы Кеңесінің депутаты, Мемлекеттік (Сталиндік) сыйлықтың иегері, Матай паровоз депосының машинисі Мұхтар Қаптағаев болды. Ол туралы және оның серіктері машинистер Владимир Медведь, Валентин Чернягиндер туралы жеке кеңейтілген очеркте жазылған.
   Автор Ұлы Отан соғысының ардагерлері Шарип Қалиасқаров пен Алтынай Есболат туралы жылы лебізін білдірді (ол өзінің паровозымен Матайдан Берлинге дейін барып, әскери тұтқындар тасымалдау армиясының неміс генерал-фельдмаршал Паулюсті Сталинградтан Саратовқа апаруға қатысты). Аты аңызға айналған наубайшы Смағали Сәмбетов туралы, оның өніміне Қазақ темір жолы Алматы бөлімшесінің барлық станциялары мен разъездерінен халықтың келетіні туралы өте әсерлі айтылған. Шын мәнінде аты аңызға айналған тұлға № 256 Матай темір жол мектебінің директоры қазақ тілінің оқытушысы Байбол Қайранбайұлы Нұрпейісов 18 жасында өз еркімен майданға аттанып, қазақ тілін дамытуға көп еңбек жасаған.
   Кітап кейіпкерлерінің арасында отбасы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістікте және әлемде; «теміржолшылар әулеті» Маусымбековтер, үлкен отбасы Нүсіпбековтер (онда көптеген орден иегерлері, бірнеше ғылым докторлары бар); кондуктор, Ленин орденінің иегері Базарбек Дасербеков; тепловоз машинисі Валентин Чернышков (әкесінің суреті депо мұражайында сақталған); белгілі қоғам қайраткері Парламент Мәжілісінің депутаты Оралбек Жақиянов және басқа да көптеген танымал кісілер бар.
   Егжей-тегжейлі депоның тарихы, жөндеу шеберханасы, әлеуметтік нысандар жазылған. Кітап кейіпкерлерінің арасында ауған соғысының қатысушысы Сайлаукез Ахмолданов, көп балалы отбасы Адамбековтар, соғыс кезінде үйленгендер Қалибек Досбаев пен Лидия Керн бар.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, ақын Қ.Қайранбаев жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: А.Ақмолданова, О.Сердәліқызы, О.Жатқанбайқызы және т.б.
   Қатысушылар: жазушылар, ақындар, темір жол қызметкерлері, БАҚ өкілдері.

  

  



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование