KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886262
2019 жылы:  19977
бүгiн:  1
қазiр:  29
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.08.2016

   Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы жанында құрылған Каталогизатор мектебінде 2016 жылғы 1-5 тамыз аралығында Алматы, Ақмола, Павлодар және Талдықорған облыстары кітапханаларының мамандары дәріс алды.

   Тыңдаушылар библиографиялық және авторитеттік жазбаларды жасау ережелерін реттейтін халықаралық және ұлттық құжаттармен, сондай-ақ каталогтаудың негізгі ережелерімен және жалпы ережелермен, нақты құжат түрлерін каталогтау ерекшеліктерімен танысты. Тәжірибелік сабақтарда ноталарды, картографиялық, бейнелеу материалдарын, электрондық ресурстарды, диссертацияларды, авторефераттарды каталогтау, сондай-ақ күрделі кітаптарды, мысалы, аударылмалы кітап, екі, үш тілдегі кітап, түрлі конференциялардың материалдары және топтық өңдеу сияқты құжаттарды каталогтау мәселелері қарастырылды. Тыңдаушылар грампластинкаларды цифрлық форматқа ауыстыру технологиясына және оның библиографиялық жазбаға бекітілуіне белсенді қызығушылық танытты.
   Қызметтің библиографтары мерзімді басылымдар мен жинақтардан материалдарды іріктеу және библиографиялау бойынша дәрістер мен тәжірибелік сабақтар өткізді.
   Тыңдаушыларға Ұлттық кітапхана жасаған Web-РАБИС жүйесінің 5 модулі көрсетілді. Тәжірибелік сабақтар «Каталогизатор» модулінде өткізілді, мамандар осыған ұқсас жүйелердің алдындағы Web-РАБИС-тің артықшылықтарын жоғары бағалады. Web-РАБИС-тің жұмыс істеу мүмкіндіктері кең екенін атап өтті, бұл - авторитеттік файлдарды жасау және жүргізу, көмекші көрсеткіштермен автоматты түрде библиографиялық көрсеткіштерді қалыптастыру, толықмәтінді және гипермәтінді мәліметтер қорын құруды қолдау, электрондық каталогтардың мобильді құрылғылар арқылы қолжетімділігі. Кітапхананың негізгі көрсеткіштері бойынша есептік және статистикалық үлгілерді басып шығару мүмкіндігі, бұл – оқырмандардың жасы, ұлты және әлеуметтік мәртебесі бойынша құрамы, қордың сала, тілдер және т.б. бойынша кітап түсімі, құрамы мен кітап берілім, «Кітап қорын толықтыру» модулінде бухгалтерлік есептілікті және т.б. жүргізу.
   Каталогизатор мектебі жұмысының барысында Павлодар және Алматы облысының бірқатар кітапханаларының 2002 жылы ҚР Ұлттық кітапханасы құрған Қазақстандық корпоративтік каталогтау Орталығына қатысуына жаңа келісім-шарттар жасалды.
Тыңдаушылар Ұлттық кітапхананың барлық құрылымдық бөлімдерінің жұмысымен таныстырылды. Цифрлық технологиялар қызметінде баспа басылымдарын цифрлауға арналған заманауи құрылғыларды көрсетіліп, Ұлттық кітапхананың Қазақстандық ұлттық электрондық кітапхананы (ҚазҰЭК) толтыруға қатысуы туралы айтылды. Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің мамандары осы кітапханалардың мамандарын тағы да ҚР Ұлттық кітапханасының қорында жұмыс жасап жатқан Жазба құжаттарды консервациялау және қалпына келтіру мектебіне өтуге шақырды.
   Ұлттық кітапханада машинамен оқитын каталогтаумен айналысатын мамандарды оқыту тамыз айы бойында жүргізіледі, Қазақстанның барлық аймақтарынан 60-тан астам маман қатысуға тілек білдірді.

  

  

  

 

 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование