KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060097
2019 жылы:  125632
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.08.2016

   2016 жылғы 22 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасына «Кітапханалық туризм» жобасы аясында Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасынан және еліміздің облыстық кітапханаларынан 48 адамнан құралған делегация келді. Жас кітапханашы мамандар дөңгелек үстел басында инновациялық жобалармен танысып, өзара тәжірибе алмасты, әрі қарай қонақтарға кітапханада экскурсия жасалды. 
   ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ҚР Ұлттық кітапханасының 10 жетекші қызметкерін «Кітапхана саласының үздігі» медалімен марапаттады.

   Жобаны ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы облысы әкімшілігі, ҚР Ұлттық кітапханасы және Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы.
   Жобаның мақсаты – қазақстандық жас кітапханашылардың ұстанымын қалыптастыру, кітапханашы кәсібінің оң имиджін орнықтыру, Қазақстанда және шет елдерде оқу үшін қатысушылар арасынан үміткерлерді айқындау. Кітапхана ісі саласындағы реформалардың негізгі серіктесі ретіндегі жастарға жасалған мөлшерлеме облыс, қала, аудан және ауылдық деңгейлердегі кітапханаларды дамытуға маңызды серпіліс береді.     
   «Кітапханалық туризм» жобасы – 2014 жылдан ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының қызметінде жүзеге асырылып келе жатқан жаңа бағыт. Жобаға ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы Үмітхан Мұналбаева бастамашы болды. Жоба кітапханашылардың қоғамдық және кәсіби өмірінің түрлі жақтарын қамтиды.
   «Кітапханалық туризм» жобасының келесі бағыты: Талдықорған – Кербұлақ ауданы – Жаркент – Ұйғыр ауданы (Шонжы) – Есік – Алматы – Астана.

   2016 жылғы 23 тамыз, сағ. 10.00-де Талдықорған қаласындағы «Тілдер сарайында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы шеңберінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда «ХХІ ҒАСЫР КІТАПХАНАСЫ: ЖАСТАР СТРАТЕГИЯСЫ» тақырыбымен Республикалық жас кітапханашылар форумы өтеді.

  

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование