KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060179
2019 жылы:  125714
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

24.08.2016

   2016 жылғы 24 тамызда Көрмелер залында «Камералық бақылау (кәсіпорындарды салықтық тексеру)» тақырыбында Бухгалтерлер клубының отырысы өтті. Іс-шара аясында «Бухгалтерияның кәсіпкерлікке көмегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Іс-шара Алматы қ. «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасымен бірігіп ұйымдастырылды.
   Модераторы: Алматы қ. Кәсіпкерлер палатасының директоры Ю.Д.Тлеумуратов. ҚР Ұлттық кітапханасының  директоры Ж.Т.Сейдуманов құттықтау сөз сөйледі.
   Іс-шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасы мен Алматы қ. Атамекен Кәсіпкерлер палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға  қол қойылды. Мақсаты – экономиканың өсуі мен өзара тиімді ынтымақтастық, қызметтің айқындығы мен тиімділігі қағидаларына негізделген Алматы қаласы кәсіпкерлерінің әрі қарай дамуы үшін институционалдық негізді қалыптастыру бойынша бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады. Аталған шара, Алматы қаласы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Бухгалтерлер Клубының жетінші кездесуі болып табылады. Отырыста бухгалтерлер камералық бақылау, салықтық есептілік үлгілерін және оларды 2016 жылы жасау ережелерін өзгерту мәсәлелерін көтерді.
   Шараға  кәсіпкерлер палатасы және Алматы қ. бизнес–құрылым бухгалтерлері қатысты.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі әдебиеттер қойылды.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование