KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886248
2019 жылы:  19963
бүгiн:  1
қазiр:  15
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.08.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Конституция күніне және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің тірегі − Ата заң» атты  кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл күн мемлекеттік мереке болып табылады.
   1998 жылы Негізгі заңның 19 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Президенттің, Сенат пен Мәжіліс депутаттарының өкілеттілігі мен мерзімі өзгертілді, бұрын көзделген мемлекеттік қызметшінің жоғарғы жас шектеуi алынып тасталды. Сонымен қатар, 1998 жылы түзетілулерде Мәжілістің 10 депутаты пропорционалды сайлау жүйесі және партиялық тізімдер негізінде сайлануы қарастырылған.
   2007 жылы Конституцияға елеулі түзетулер енгізілді. Олар толықтай алғанда: пропорционалдық сайлау жүйесіне көшуге; Премьер-министрді парламенттік көпшілікпен бекіту және Үкімет басшысын тағайындау кезіндегі Президенттің партиялық фракциялармен кеңесу үдерістері туралы нормаларды енгізу есебінен Парламенттің мәртебесін нығайтуға алып келді. Қазақстан халқы Ассамблеясы конституциялық мәртебесімен өкілеттілік алды және белгіленген квотаға сәйкес Мәжіліс пен Парламент Сенаты өздерінің өкілдерін делегаттау құқығын алды.
   Конституцияға 2011 жылдың ақпан айында конституциялық негіздерін және мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу мақсатын қалыптастыруға бағытталған түзетулер енгізілді.
   Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы біздің еліміздің және осында өмір сүріп жатқан барлық адамдар үшін ең маңызды заң болып табылады. Конституцияда көзделген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары негізгі болып табылады және олар ажырамас сипат алады. Олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтар мен бостандықтарды жан-жақты реттеу үшін негіз ретінде қызмет етеді.
   Кітап көрмесінде мемлекет тарихы және құқық, Қазақстанның құқықтық, демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы, Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберінде шығарылған ҚР-ның заңдар жинақтары мен басылымдары, Конституцияның рөлі мен маңызы туралы ғылыми конференциялардың материалдары және т.б. ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование