KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886238
2019 жылы:  19953
бүгiн:  1
қазiр:  8
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

26.08.2016

   2016 жылғы 26 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасында «Smart life – Created in China 2016» көрмесінің («Даналық. Өмір - Қытайда зияткерлік деңгейде жасалған 2016» көрмесі) ашылуы және «Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының» (Қытай павильоны) тұсаукесері  өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Баспасөз-кеңсесі, ҚХР Чунцин қаласының Халық үкіметі Баспасөз-кеңсесі, Хенан, Хубэй және Сычуань (ҚХР) аймақтарының өкілдері Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығы.

   Қазақстан-Қытай арасындағы қарым-қатынастың терең тарихи тамыры бар. Жеке алғанда, Қазақстан мен Қытайды, жаһандық тұрғыдан алғанда - Еуропа мен Азияны біріктірген Ұлы Жібек жолы ерекше орын алады.
   Іс-шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Қазақстан мен Қытай арасындағы (2 қаңтар 1992) дипломатиялық байланыстардың 24 жылдығына орай өткізілді. «Smart life – Created in China 2016» - бұл Қытай Халық Республикасының ғылыми және индустриялық жетістіктерінің кеңауқымды ақпараттық көрмесі. Оны ҚХР Мемлекеттік кеңесінің ақпараттық орталығы Чунцин, Хенан, Хубэй және Сычуань аймақтарының қатысуымен ұйымдастырған.  «Парасаттылық адамдарды бақытты етеді, адамдарға әлемді жақсы түсінуге көмектеседі және өмірін жақсы жаққа өзгертеді» атты көрменің тақырыбы EXPO 2017 қарсаңында өте өзекті және қытайлық әріптестердің энергия үнемдеу, «жасыл» энергетика саласындағы және ғылым мен техника инновацияларының қоршаған ортаға жағымды әсер етуін көрсетеді. Көрме сөйлесу және екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық, сауда-экономикалық, темір жол, индустриялық, муниципалды және т. б. салалардағы ынтымақтастық алаңы болуды үндейді.
   «Қытай мәдениеті мен әдебиеті залының» ашылуы қазақстандықтарға көрші ел туралы, оның мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін көбірек білуге көмектеседі. Залда тұрмыстық заттар, музыкалық аспаптар, әртүрлі бағыттар бойынша түрлі әдебиеттер: анықтамалық-энциклопедиялық басылымдар, сөздіктер, қытай тілін үйренуге арналған оқулықтар, Қытай туралы танысу әдебиеттері және т. б. ұсынылды.

   Іс-шараға қатысушылар: ҚКП ОК Насихаттау бөлімі меңгерушісінің орынбасары бастаған ҚХР делегаттары, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Баспасөз-кеңсесі басшысының орынбасары - Цуй Юуй Инь, ҚХР Мемлекеттік кеңесі Сыртқы істер басқармасы басшысының орынбасары Жао Шун Гуо, Чунцин қаласының халық үкіметі Баспасөз-кеңсесінің басшысы  Жоу Бо, ҚР Мәдениет және спорт министрігінің  жауапты хатшысы Қ.С.Уәлиев, Алматы қаласы басшылығы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ҚР Жазушылар одағының басшылығы, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, дипломатиялық корпус, Қазақстанның барлық аймақтарындағы оқу орындарының оқытушылары, Алматы қаласының ғылыми және мәдени жұртшылығы және т.б.

  

  

  


  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование