KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060076
2019 жылы:  125611
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

05.09.2016

   2016 жылғы 4 қыркүйекте "Ғылым ордасы" алаңында Алматы қалалық әкімдігі, «Бауыржан» қоғамдық қоры, Еуразия ассоциация франчайзингі ұйымдастыруымен Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «KitapFest-2016» кітап фестивалін ұйымдастырды. Шараға ғалымдар, баспагерлер мен ақындар-жазушылар қатысып, оқырмандармен кездесті.
   Бұл шарадан кітапханашылар да қалыс қалмады. Нарық заманындағы жастардың, жалпы қала тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығы мен талғамын анықтамақ мақсатында, оқырмандардан сауалнама алып, түрлі сайыстар мен акциялар жүргізді. KitapFest фестивалінің ең қызық тұсы – әр оқырман өзіне қажет кітаптарын тегін алып, басқа да оқырмандармен алмасып оқуы. Фестиваль барысында 3000-ға жуық кітап тегін таратылды. «Қазақпарат», «Қазақ университеті», «Аспандау» т.б. сынды баспалар өз өнімдерін қалың оқырманға ұсынды. Шара мерекелік концертке ұласты.

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование