KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15059961
2019 жылы:  125496
бүгiн:  1
қазiр:  19
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.09.2016

   Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында «Ақиқат» журналының 95 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.                                                                                                                       

   «Ақиқат» - қазақ  тілінде 1921 жылдан бастап шыққан республикалық қоғамдық - саяси журнал. Журналдың атауы бірнеше рет өзгертілді. Алғашқы атауы «Қызыл Қазақстан» 1921-1925 (Орынбор); 1925-1930, Қызылорда қ; 1930 жылдан Алматы қаласында – «Ауыл коммунисі», 1931-1952 жылдан – «Қазақстан большевигі», 1952-1957 жылдан «Коммунист», 1958 жылдан –  «Қазақстан коммунисі», 1986 жылдан – «Ақиқат».
   Журналдың редакторлары әр жылдарда: Ә.Асылбеков, Н.Нұрмақов, С.Сәдуақасов, О.Жандосов, Ә.Бәйділдин, Е. Алдоңғаров сияқты түрлі қоғам қайраткерлері болды. Журналда қоғамдық-саяси, шаруашылық және мәдени мәселелер жарияланды. Оның беттерінде құрылтайлар, жарлықтар және РКП (б) қаулылары насихатталды. Журналда большевиктер партиясының, ал кейінірек  - Коммунистік партияның барлық жаңалықтары басылды. Кеңес үкіметі кезінде журнал таза партиялық бағытта болды.
   «Ақиқат» журналы Кеңес Одағы құлағаннан кейін қазақ халқы рухани мұрасының тарихи мәселелерін жариялады.  Ең көп таралым - 57 мыңнан астам  дана (1984), қазіргі уақытта – 3000 дана.
Журнал 1976 жылы «Халықтар Достастығы» орденімен марапатталды, 2002 жылы жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты, 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығын иеленді.  
   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан журналдың мерейтойлық және ерте жылдардағы сандары, танымал жазушылар мен журналистердің мерзімді басылым беттеріндегі журналдың дамуына арнаған әр жылдардағы мақалалары ұсынылған.
 
   Көрмеге шақырамыз!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование