KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886239
2019 жылы:  19954
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

13.09.2016

   2016 жылдың 13-қыркүйегінде сағат 11.00-де Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Н.Ә.Назарбаевтың  «Мәдени  мұра», «Тарих толқынындағы халық» бағдарламалары мен «Мәңгілік Ел» - Қазақстан-2050 стратегиясын қолдау мақсатында, Алматы қаласының мыңжылдығына арналған, «Алматының 1000-жылдық тарихы: археология және жазба деректері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

   Конференцияның мақсаты: Алматының мыңжылдық тарихы жайында зерттеу,  деректер жинау, қаланың тарихи маңызын анықтау және Алматының тарихы тереңде екенін дәлелдеу.
   Конференция ҚР Ұлттық Кітапханасының директоры Жанат Тұрарұлының алғысөзімен басталды. Шара Алматының мыңжылдығына арналған конференция материалдары жинағының тұсаукесер рәсімімен жалғасты. Алқасөзді бастаған Ғылым Академиясының академигі Карл Байпақов «Алматының қала болып қалыптасу уақыты турасында археологиялық, нумизиматиялық және жазба деректері бойынша» тақырыбындағы зерттеуін баяндап берді. Кейін Қырым Алтынбеков, Меруерт Әбусейітова, Уахит Шәлекенов, Клара Хафизова, Арнабай Нұржанов, Нәпіл Базылхан, Факия Шәшиденова, Мұрат Нұрпейісов, Сұлтан Орашев, Билялова Гүлмира және Советхан Ғаббасов сынды ғалымдар сөз сөйлеп, Алматының мыңжылдық тарихын жан-жақты зерттеп, қаланың тамыры тереңде екенін дәлелмен жеткізді. Сөз соңында конференция қатысушылары алып қаланың тарихын археологиялық деректерге сүйене отырып, мың жылдан да ұзарту, мерекеге орай қала көшелеріне тарихи-патриоттық суреттер ілу мен жаңа жобаларды ұсыну мәселелеріне қатысты қарар қабылдады. Сонымен қатар конференция барысында әшекей бұйымдар мен қазақы оюмен көмкерілген киім-кешектер жәрмеңкесі өтті.
   Шараға жоғарғы оқу орнының студенттері мен жас ғалымдар қатысып, Жетісу өңірі жайында мол ақпарат алды.
 
  
 

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование