KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886304
2019 жылы:  20019
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.09.2016

   2016 жылғы 16 қыркүйек, сағат 15.00-де Көрмелер залында Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты, ақын Марфуға Айтхожинаның 80 жылдығына орай оқырмандармен кездесу кеші өтті.

   Кездесуді ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Жақып жүргізіп, ақынның шығармашылығы жайында баяндама оқыды. Ғалым Жайлыбай, Ахметжан Ашири, Ғазизбек Тәшімбай, Құл-Керім Елемес сынды әдебиет майталмандары қатысып, сөз сөйледі. Кездесуде  Абай атындағы ҚазҰПУ,  Филология институтының 1 курс студенті, оқырман – Кенжебек Айдана, Абай атындағы ҚазҰПУ, Филология институтының 1 курс студенті, оқырман – Қараева Нұрсауле, Қаскелен Гуманитарлы-Техникалық колледжінің 2 курс студенттері –Төренияз Жазира , Нығметжанова Гүлнұр, Сыдықова Аружан ақынның жырларымен қоса арнау өлеңдерді де оқып берді. №2 Глиэр атындағы  балалар музыка мектебінің «Арнау» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің жетекшісі – Нұргүл Әкімғожина да ақынды құттықтап, шәкірті күй тартып, кештің көркін қыздыра түсті.
   Кеш соңында автор «Жапырақ сілкінген кеш» кітабын келген оқырмандарға қолтаңбасымен бірге ұсынды. Кездесу аясында «Жыр аққуы» тақырыбында кітапхана қорынынан көрме де  ұйымдастырылды.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование