KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060113
2019 жылы:  125648
бүгiн:  1
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

19.09.2016

   2016 жылғы 19 қыркүйек, сағат 18.00-де Көрмелер залында Еуразия шығармашылық гильдиясының басшысы, белгілі британ ақыны, драматург, Корольдік өнер қоғамының мүшесі Дэвид Перридің «The grammar of witchcraft» кітабының тұсаукесері өтті.
   Тұсаукесерді Еуразия шығармашылық гильдиясының мүшесі, баспагер Марат Ахмеджанов жүргізді. Кештің арнайы қонақтары ретінде қазақтың күрескер ақыны Мұхтар Шаханов, Алматыдағы Британ консулдығының мәдениет жөніндегі атташесі Джим Баттери және автордың өзі қатысты. Сиқыр мен сақсондықтардың дәстүрін баяндай отырып, автор өз шығармасында рухани әлем мен адамның ой-қалауы туралы мәселені көтереді. Кітап Лондондағы Марат Ахмеджановтың «Hertfordshire Press» баспасынан басылды. Айта кетейік, аталған баспадан М.Шаханов пен Ш.Айтматовтың роман-диалог ретінде  құралған «Құз басындағы аңшының зары» кітабы да басылып шықты.
   Тұсаукесер барысында Еуразия шығармашылық гильдиясының Қырғызстандағы мүшелері шығармашылық топтың құрылуы және атқарылған еңбектері туралы баяндап берді. Кеш соңында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары А.Х.Юсупова жазушыға І.Есенберлиннің ағылшын тіліндегі «Көшпенділер» трилогиясын тарту етті. Дэвид Перри де туындысын ұсынып, кітапхана қорының молаюына үлес қосты.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование