KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886289
2019 жылы:  20004
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.09.2016

   2016 жылдың 21 қыркүйегінде Көрмелер залында Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері,қоғам қайраткері, сөз зергері Софы Сматаевтың 75 жасқа толуына арналған дөңгелек үстел өтті.

   Софы Қалыбекұлы Сматаев 1941 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1965 жылы  Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсіп, кейін Мәскеудің Болат және қорытпалар институтына ауысқан. Негізгі мамандығы – инженер-металлург. Мәскеудің «Орақ пен балға», Туланың, Теміртаудың металлургия зауыттарында, Қазақ КСР Ғылым академиясының Металлургия және кен байыту институтында қызмет атқарды.
   Біраз жыл «Жұлдыз» журналы проза бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі болды. 1989 жылдан Қазақ КСР мемлекеттік Кітап палатасының (қазіргі ҚР ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы) бас директоры, Алматы әкімдігінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
   Алғашқы кітабы – «Астана оттары» өлеңдер мен балладалардан құралған. Негізгі прозалық кітаптары – «Елім-ай» роман-трилогиясы, «Ақжелең», «Бұлақ», «Мәңгілік бастауыш», «Біз құлмыз ба, кімбіз?» романдары; «Алау», «Алғашқы асу», «Қайран жастық» – повесть, әңгімелер жинағы. 2008 жылы автордың 17 томдығы жарық көрді.
В.Шекспирдің, И.Добозидің, Х.Абдуллиннің, Ю.Мухлисовтың, Короленконың, В.Солоухиннің, Е.Исаевтың, Вс.Ивановтың әңгімелерін, өлеңдерін тәржімалаған.
   Софы Сматаев – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері. Қазақстан Республикасының бірнеше медалімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Жезқазған, Балқаш қалалары, Ағадыр, Қарқаралы, Шет аудандарының Құрметті азаматы.
   Кешті Жазушылар одағының мүшесі, журналист Ғазизбек Тәшімбай жүргізді. Кездесуде Ғаббас Қабышұлы, Уақап Қыдырханұлы, Дандай Ысқақұлы, Нұрдәулет Ақыш, Айтберген Құлментегі сынды зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, жазушының шығармашылығы мен қазақ қоғамына сіңген еңбегі жайында баяндап берді. Жиын соңында Софы Сматаев оқырмандарына өз өлеңін оқып, қоғамдағы маңызды мәселелерді әңгіме етті.
   Кездесу аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

     

          


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование