KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060178
2019 жылы:  125713
бүгiн:  1
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.09.2016

   2016 жылғы 22 қыркүйекте Көрмелер залында «Менің Елім – Қазақстан» фотобайқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі  өтті.

   Фотобайқаудың тақырыбы еліміздің табиғаты, тарихи ескерткіштері, мәдени жерлері, Қазақстан халықының салт-дәстүрлеріне арналған.
   Марапаттау рәсімінің алдында Қазақстан «ФОТОӨНЕР» қоғамдық бірлестігінің Қазақстан фотожурналистикасына сіңірген еңбегі үшін берілетін «Фотоөнер қайраткері» медалі марқұм Нұрғожа Жұбанов, Қайрат Мұстафин, Сиез Бәсібеков, Сайлау Пернебаев, Рахымбай Ханалы отбасыларына және де биыл 75 жастағы ардагер Нұрманбет Қизатұлына табысталды.
   Жалпы фотобайқауға 71 қатысушыдан 560 жұмыс келіп түскен. Байқауға Қазақстан Республикасының жас ерекшеліктеріне қарамай барлық азаматтары қатысты. Сапасына әрі тақырыбына сай келетін суреттерді арнайы құрылған әділ қазылар алқасы анықтап марапаттады. Бірінші орынды Мерей Қайнарұлының «Достық шоқысы» туындысы, екінші орынды Алмаз Орманов «Теңге ілу», үшінші орынды Тілеубек Рақымжанның «Таудан аққан тас бұлақ» шығармасы иеленді.
   Жобаның ұйымдастырушысы: Фотоөнер Қоғамдық Бірлестігі, бас қолдаушы «Bank RBK» АҚ, «Қазақстан» ҰТРК ақпараттық серіктесі.

    

   

  


 

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование