KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886290
2019 жылы:  20005
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.09.2016

   2016 жылғы 20 қыркүйекте Достық үйінде ҚР Ұлттық кітапханасы Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тілдер әлемі. Мир языков. The world of languages.» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Қазақ тілі – халықтың рухани негізі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл − қазақ тілі. Мемлекеттік тілді барлық азаматтардың еркін меңгеруі қажетті ұйымдастырушылық, материалдық және техникалық жағдай туғызады.
   Қазақстан Республикасынның «Тілдер туралы» Заңы еліміздегі тілдер қызметінің құқықтық негіздерін, тілдерді үйрену мен дамытуға жағдай жасауда мемелекеттің міндеттерін белгілеп берді, сондай-ақ мемлекетте қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етті. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың тілі бірегей болып табылады. Бүгінгі күні республика мектептерінде қазақ тілімен қатар, елімізде тұратын халықтардың 10-нан астам ұлттық тілі оқытылады. Бұл барлық ұлт өкілдерінің өз туған тілінде білім ала жүріп, мәдениетіне, тарихына бойлауына мүмкіндік тудырады.
   Өзара сыйластық негізінде этносаралық қатынастарды сақтау үшін негізгі айқындаушы фактор, еліміздегі этностардың мәдениетін дамыту үшін жағдай жасау, мемлекеттің тіл саясаты болып табылады.

   Кітап көрмесінде Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан және басқа да халықтардың тілдерін жүйелеу, соның ішінде тілдік ахуал мен тіл заңдылықтарын ескере отырып, елде тiлдердiң қолданылуының құқықтық негіздерін қамтитын материалдар, анықтамалар, монографиялар ұсынылды.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование