KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886234
2019 жылы:  19949
бүгiн:  1
қазiр:  7
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

27.09.2016

   «Өнер» бөлімінің оқу залында суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Бәтима Зәуірбекованың 70 жылдығына арналған «Тума дарын» атты атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Бәтима Есмұратқызы Зәуірбекова 1946 жылы 29 қыркүйекте Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында дүниеге келген. О.Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
   Міне, сол кезден бастап өзінің бар қабілетін-қажырын гобелен өнеріне бағыштаған суретші осы уақытқа дейін өзіне тән өміртаным мен сұлулықты нақышты өнер тілімен жырлап келеді. «Жіп иіруші» (1972), «Қодық» (1972), «Керуен» (1973), «Көктем» (1974) шығармалары арқылы танымал болды. Философиялық мазмұнымен ерекшеленетін: «Байтақ дала» (1976), «Дала аруы» (1979), «Мәңгілік өнер» (1982), «Жаз», «Күз», «Қыс» (1984-86) және т.б. туындылары – ұлттық гобелен өнерінің қайталанбас және төл туындылары. Б.Заурбекова – Алматы қаласындағы «Қазақстан» қонақ үйіне қойылған «Қазақстан шұғыласы» атты монументтік гобеленді (1977-78), (Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, 1980) жасауға қатысты. Қазақ гобелен мектебінің негізін салушы.
   Бүкілодақтық, отандық және халықаралық көрмелерге (1969 жылдан) үзбей қатысады. Жеке көрмелері Алматы (1995) қаласында, Түркияда (Анкара, Стамбул, Анталия, Алания қалалары, 1997-2000), Швейцарияда (Лугано қаласы, 1999), Францияда (Париж қаласы, 1989-1991), Италияда (Милан қаласы, 1998), Иранда, ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында (Астана қаласы, 2008) өтті.
   300-ден аса гобеленнің авторы. Жұмыстары АҚШ, Канада, Ресей, Түркия, Франция, Швейцария, Қазақстан және т.б. елдерінің мұражайларында және жеке топтамаларында сақтаулы. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының (Алматы қ.), Президенттік мәдениет орталығының топтамаларына (Астана қ.)  кіреді. 

   Ш.Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты (1980). КСРО Мәдениет министрлігі, ҚазКСР, ҚР құрмет қағаздарымен, «Мәдениет пен өнерді дамытудағы еңбегі үшін» (2015) құрмет белгісімен марапатталған, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (2004). 
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімдік басылымдар қорынан Бәтима Зәуірбекованың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған. 

   Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование