KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886295
2019 жылы:  20010
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

29.09.2016

   Өнер бөлімінің оқу залында Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері, кинорежиссер, суретші Абдолла Қарсақбаевтың 90 жылдығына арналған «Дара Дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

   Абдолла Қарсақбаев 1926 жылы 2 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылында дүниеге келген. Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1956). Еңбек жолын Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясында 1947 жылы режиссердің көмекшісі болып бастады. 1947-1983 жж. «Қазақфильм» студиясында режиссер болды. Режиссер С.Қожықовпен бірге «Ана мен бала» (1955),  «Егер біздің бәріміз де...» (1961), А.Слободникпен, Э.И.Файкпен бірге «Қанатты сыйлық» (1956), Е.Е.Аронмен бірге «Ботагөз» (1957) атты фильмдерді түсіруге қатысты. Тарихи тақырыпта: «Қилы кезең» (1968), «Даладағы қуғын» (1979) - КСРО ХШЖК-нің күміс медалі секілді фильмдерді; Т.Дүйсенбаевпен бірге «Менің атым Қожа» (1963) - 1964 ж. өткен Орта Азия мен Қазақстан кинематографистер байқауының және 1967 ж. Канн қаласында өткен халықтар кинофестивалінің дипломына ие болды, «Балалық шаққа саяхат» (1969), «Менің ағам» (1972), «Қатарыңнан қалма» (1974), «Эй, ковбойлар» (1975), «Алты жасар Алпамыс» (1976) - 1977 ж. Ригада өткен Бүкілодақтық 10-кинофестивальдің жүлдегері, «Балалық шақтың кермек дәмі» (1982) көркем фильмдерін, сонымен қатар «Қазақ халқының қолөнері» (1958), «Торғай шеті» (1963), «Черкасск қорғаны» (1970), «Ақтөбе» (1972) көркем фильмдерін қойды. 
   Қарсақбаев композитор Нұрғиса Тілендиевпен тұрақты достастық қатынаста жұмыс істеді. Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық аймағының Жаңақұрылыс орта мектебіне 2001 жылғы 24 шілдеде Абдолла Қарсақбаевтың есімі берілді. Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978), КСРО-ның кинематографистер Одағының мүшесі (1965).

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап, мерзімді басылымдар қорынан кинорежиссер, суретші А.Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!
       

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование