KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060015
2019 жылы:  125550
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.10.2016

   2016 жылғы 4 қазанда Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, кинорежиссер, суретші Абдолла Қарсақбаевтың 90 жылдығына арналған еске алу кеші ұйымдастырылды.

   Абдолла Қарсақбаев 1926 ж. 2 қазанда Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарақастек ауылында дүниеге келді. Мәскеудегі Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген (1956). 1947-1983 жж. «Қазақфильм» студиясында режиссер қызметін атқарды. Режиссер С.Қожықовпен бірге «Ана мен бала» (1955), «Егер біздің әрбіріміз...» (1961) фильмдерін, А.Слободник және Э.И.Файкпен бірлесіп «Қанатты сыйлық» (1956), Е.Е.Аронмен бірге «Ботагөз» (1957) фильмдерін түсіруге қатысты. Тарихи тақырыпта «Қилы кезең» (1968), «Даладағы қуғын» (1979 КСРО ХШЖК-нің күміс медалі) фильмдерін түсірді. Т.Дүйсенбаевпен бірге түсірілген «Менің атым Қожа» (1963) фильмі 1964 ж. өткен Орта Азия мен Қазақстан кинематографистер байқауының және 1967 ж. Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивалінің дипломына ие болды. «Балалық шаққа саяхат» (1969), «Менің ағам» (1972), «Қатарыңнан қалма» (1974), «Эй, ковбойлар» (1975),  «Алты жасар Алпамыс» (1976, 1977 ж. Ригада өткен 10 Бүкілодақтық кинофестивалінің жүлдегері), «Балалық шақтың кермек дәмі» (1982) көркем фильмдерін, сонымен қатар «Қазақ халқының қолөнері» (1958), «Торғай шеті» (1963), «Черкасск қорғаны» (1970), «Ақтөбе» (1972) деректі фильмдерін қойды. 
   А.Қарсақбаев композитор Нұрғиса Тілендиевпен тұрақты шығармашылық байланыста жұмыс істеді.
   Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978), КСРО-ның Кинематографистер одағының мүшесі (1965). Алматы облысының, Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық аймағының Жаңақұрылыс орта мектебіне Абдолла Қарсақбаевтың аты берілген.

   Кеште режиссер А.Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған Т.Қарсақбаевтың деректі фильмі көрсетілді.

   Еске алу кешіне мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстанның халық әртісі Н.Ықтымбаев, кинотанушы Ш.Имашұлы, профессор М.Омарова, Д.Тілендиева, туыстары, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері, ЖОО студенттері және т.б. қатысты.

  

  



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование