KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886300
2019 жылы:  20015
бүгiн:  1
қазiр:  38
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

03.10.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің ғалымдар залында белгілі ғалым математик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның корреспондент мүшесі Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазинның туғанына 80 жыл толуына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы 1936 жылы 4 қазанда Қостанай облысы, Урицкий ауданының (қазіргі Сарыкөл ауданы) Қараоба ауылында туған. 1958 жылы С.М.Киров (қазіргі әл-Фараби) атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің физика-математика факультетін бітірді.
   Ө.Сұлтанғазин 1958 жылы еңбек жолын С.М. Киров атындағы ҚазМУ-де ассистент ретінде бастады, 1964-1965 жж. аға оқытушы, 1968-1970 жылдар арасында Новосибирск КСРО Есептеу Орталығында тәлімгер-зерттеуші, 1970-1978 жылдары аға ғылыми қызметкер  доцент, профессор Есептеу математикасы кафедрасының меңгерушісі болды.
   1966 жылы Ө.Сұлтанғазин академик Г.И.Марчуктің жетекшілігімен физика-математика ғылымының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын «Тасымалдың кинетикалық теңдеуі үшін ыдырату әдісі» деген тақырыпта қорғады. Ал 1972 жылы «Сәуленің тасымалдануының бейстационарлық кинетикалық теңдеуі үшін сфералық гармоника әдісі» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады.
   1978-1985 жж. Ө.Сұлтанғазин Қазақ КСР ҒА физика-математика бөлімінің академик-хатшысы, 1986-1988 жж. Қазақ КСР ҒА вице-президенті, 1988-1994 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының президенті, 1991 жылы Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Ғарыштық зерттеулер институтының директоры, 1996-1998 жж. ҚР Ұлттық Ғылым академиясы министрінің бірінші орынбасары, 2002-2003 жж. Қазақстан ҰҒА-ның вице-президенті қызметіне тағайындалды.
   Ө.Сұлтанғазин Карлов Университетінде (Чехословакия) Париж, Киото (Жапония), Варшавадағы Банах атындағы Халықаралық математикалық мектебінде (Польша) дәріс оқыды. Стэнфорд және Мэриленд университетінде (АҚШ) ғылыми зерттеулер жүргізді. Оның жетекшілігімен Қазақстан Ғылым академиясының Шымкент, Өскемен және Атырау қалаларында үш аймақтық бөлімі құрылды.
   Ө.Сұлтанғазин жан-жақты ғалым болды. Ол 180-ден астам ғылыми еңбектің және монографияның авторы. Математика және инженерия ғылыми кадрларын даярлауға көп көңіл бөлді. Оның жетекшілігімен 3 ғылым докторы мен 22 ғылым кандидаты дайындалды.
   Ө.Сұлтанғазин Ленин, Еңбек Қызыл Ту (1991), «Парасат» (2004) ордендерімен, С.П.Королев (1986) және П.Л. Капица (1986) атындағы медальдарымен марапатталды. Ғылым мен техника саласындағы КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1987), КСРО мен Чехословакия Ғылым академиясының жаратылыстану ғылымдары сыйлығының, «Тарлан сыйлығының» лауреаты (2002).
   Ө.Сұлтанғазин 2005 жылы 20 мамырда Алматы қаласында қайтыс болды.

   Кітап көрмесінде ғалым Ө.Сұлтанғазинның өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның ғылыми еңбектері, газеттер мен мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалары және  естеліктер ұсынылды.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование