KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060131
2019 жылы:  125666
бүгiн:  1
қазiр:  16
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.10.2016

   2016 жылғы 7 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында Әуезхан Қодардың зияткерлік клубы аясында «Тамыр» мәдениеттану журналының 44-ші нөмірінің таныстырылымы өтті.

   Журналдың 44-ші нөмірі толығымен қазақстандық ақын, жазушы, мәдениеттанушы, философ, аудармашы – Әуезхан Қодардың шығармашылығына арналған. Клуб қатысушылары ақынның көп қырлы, сан-салалы қызметі туралы пікір алмасып, талқылады.
   Сондай-ақ, іс-шара аясында Украинадан келген қонақтар – Сергей және Татьяна Дзюбалардың шығармашылығы таныстырылды.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов ашып, философия ғылымдарының докторы, Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеулер институтының директоры Қодар Зәмзә Мүтәшқызы жүргізді.
   В.М.Жылқыбаев, С.В.Дзюба, Ж.А.Алтаев, О.Қ.Әбішева, Л.В.Сафронова, Т.А.Алтынбеков, С.В.Ананьева, А.Берік, А.Темірболат  сынды зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, жазушының шығармашылығы мен қазақ қоғамына сіңген еңбегі жайында баяндап берді. Кездесу аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.
   Іс-шара аясында «Современники» фильмі көрсетілді.

   Қатысушылар: жазушылар, журналистер, филологтар, философтар, шығыстанушылар, аудармашылар, университет оқытушылары мен студенттері.

  


 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование