KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886272
2019 жылы:  19987
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.10.2016

   «Өнер» бөлімінің оқу залында кескіндемеші, театр суретшісі Сергей Калмыковтың 125 жылдығына арналған «Ұлы суретші тағылымы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Сергей Иванович Калмыков – көп ұлтты Қазақстан өнеріндегі ерекше әрі тартымды суретшілердің бірі. Оның шығармашылығы бүгінгі таңда жаңа қырынан ашылып, әлемге танымал болып, заман оны дүниедегі атақтылардың қатарына жетелеп әкелгендей. Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының жинағындағы оның шығармаларының көрмесі Мәскеу мен Петерборда өткізілді.
   Ол Самарқанд қаласында (Өзбекстан) дүниеге келді. 1909-1910 жылдары Мәскеуде тұрып, көркемсурет мектебіне барды, кейін Петербор қаласына қоныс аудырып, Е.Н.Званцеваның көркемсурет мектебінде  К. С. Петров-Водкин мен М.В. Добужинскийдің шеберханасында білім алады. Оның шығармашылығындағы жарқын белестер, Қазақстанға шақырылғаннан кейін Алматы қаласында өтті, 1935 жылы жаңа ашылған музыкалық театрқа қоюшы-суретші болып қызмет атқарып, сол жерде өмірінің соңына дейін жұмыс атқарады. Бұл театрда ол «Аида», «Князь Игорь», «Фауст», «Тоска»  және т.б. да операларға декорацияларды безендірді. Олардың ішіндегі ең танымал шығармалары: «Ғалия» (1930), «Орынбор пейжазы» (1932), «Алматы» (1937), «Дина Нұрпейісова» (1938), «Горький атындағы бау көлінің панорамасы» (1944), «Абай атындағы опера және балет театры» (1947), «Медеу мұз айдыны» (1954), «Ымыртта» (1957) және т.б.
   Суретшінің шығармалары өзіндік, тек өзіне ғана тиесілі орындау мәнерімен ерекшеленеді. Калмыков шығармашылығында реалистік және фантастикалық бағыттағы жұмыстар ерекше маңызға ие. Оның шығармалары - суретшінің адам тағдыры жайлы ішкі терең толқыныстары мен ой-талғамдары жиі көрініп тұратын фантастикалық және реалистік әлемнің қосындысы. Сергей Калмыков өзінің артынан ауқымды әдеби мұра да қалдырды: ол өзін ойшыл-суретші, өнертанушы, айрықша жазушы ретінде көрсеткен көптеген күнделіктері, альбомдары мен жазба кітапшалары.
   Оның барлық мұралары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде сақталуда. Оның майлы бояумен салынған суреттері, қатты қағазға қарындашпен және тушьпен жасалған өрнектері, акварельдер мен монотиптері, абстрактілі композиялары Қазақ Мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы тұр. ҚР-ның Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайында бүгінде суретшінің 1111 шығармасы сақталуда.   

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан Сергей Калмыковтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

    Кітап көрмесіне келіңіздер!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование