KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886266
2019 жылы:  19981
бүгiн:  1
қазiр:  33
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

17.10.2016

   «Өнер» бөлімінің оқу залында Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған «Алматым - әнім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Алматы – кең көшелі, әсем ғимаратты, сансыз көп демалыс орындары, гүл бақтары мен фонтандары бар шуақты күнді, жайлы, көкке оранған қала. Тянь-Шань көк жасыл жоталарының бөктерінде орналасқан әдемі қаланы «бақ-қала» деп атауы кездейсоқ емес. Көктемде оңтүстік шеттері алма, өрік, шие бақтары гүлге оранғанда қала ертегі сияқты болады. Сәнді  жасылға орануы мен таулардың салтанатты көрінісі Алматы қаласын басқа қалалардан ерекшелендіре түседі. Бақтар, тоғайлар, алаңдар, гүлзарлар қаланың сексен мыңнан астам гектар жер көлемін алып жатыр. Алматыда қала қонақтарын қызықтыратын және де жергілікті тұрғындарды көркемдігімен қуантатын, назар аударарлық орындар көп.
   Алматы Орта Азияның қаржы, экономика және мәдени орталығы болып саналады.
   Биыл біздің даңқты қаламыздың құрылғанына 1000 жыл. Осы маңызды датаны қазан айында Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде де атап өтеді.
   Алматы – еліміздің музыка тарыхының қаласы. Қазақ музыканттарының кәсіби шеберліктері қалыптасты және нығайды, Қазақстан мәдениетінің алтын қорына енген шығармалар пайда болды.
   Алматы қаласына арнап қалам тербемеген ақын, ән арнамаған композитор кемде-кем.
   Алматы қаласына арнаған Әсет Бейсеуовтің, Мансұр Сағатовтың, Шәмші Қалдаяқовтың, Ескендір Хасанғалиевтің, Алтынбек Қоразбаевтың, Кеңес Дүйсекеевтің тамаша әндері әлі күнге дейін үлкен сахналарда, радио, теледидарда, халық арасында шырқалып жүр.
   Өнер бөлімі оқырмандарға ҚР Ұлттық кітапханасының күйтабақтар, кітаптар, ноталар және мерзімдік басылымдар қорынан Алматы қаласы туралы көрме ұсынады. 

   Құрметті оқырмандар, кітап көрмесіне келіңіздер!

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование