KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060217
2019 жылы:  125752
бүгiн:  36
қазiр:  12
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.10.2016

   2016 жылғы 14 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Кітапханалары күніне арналған «Мамандығым – мақтанышым» атты ашық есік күні өтті.

   Алматы қаласы әкімінің 1999 жылғы 29 қыркүйектегі №894 шешіміне сәйкес белгіленген атаулы күнді жыл сайын 15 қазанда атап өту дәстүрге айналған. Бұл шараны алғаш ұйымдастырушылардың қатарында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Р.А. Бердіғалиеваның есімі аталады.
   ҚР Ұлттық кітапханасы бүгінде еліміздегі мәдениеттің қара шаңырағы, қайнар көзі дейтін болсақ, ақпараттар тасқындаған кезеңде оның әлеуетін арттыру, кітапты насихаттау үздіксіз жалғасын тауып отыратын міндеттердің қатарында. Осыны басшылыққа ала отырып, өткізілген ашық есік күні аясында Ұлттық кітапханаға сала мамандары, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универстиеті, Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Қаскелең мәдениет колледжінің кітапхана ісі мамандығы факультетінің студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.
   Іс-шара барысында еліміздің мәдениетін дамыту жолындағы кітапханашының рөлі, қызметі, Ұлттық кітапхананың парасат ордасы ретіндегі мәртебесі мен қоғамдағы орнын көтерудегі көптеген түйіткілді мәселелер талқыланды. Кітапхана мамандары және студенттер кітапхана ісіндегі жаңашылдықтармен танысып, өзекті мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салды.
   Арнайы ұйымдастырылған көрмеде кітапхана ісінен толық мағлұмат беретін – Қазақстан, ТМД және шетелдік әдістемелік оқу құралдары ұсынылды.
   Сондай-ақ, қатысушылар үшін Ұлттық кітапхананың құрылымдық бөлімдеріне арнайы экскурсия ұйымдастырылды.
   Ашық есік күні аясында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттері өз өнерлерін көрсетті.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование