KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886259
2019 жылы:  19974
бүгiн:  1
қазiр:  26
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.10.2016

   2016 жылғы 20 қазанда Н.Қ.Дәулетова атындағы көрмелер залында белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, Шет тілдер және іскерлік мансап университетінің профессоры Мұхтархан Оразбаймен шығармашылық кездесу өтті.
   Іс-шара аясында М.Оразбай ҚР Ұлттық кітапханасының қорына өзінің жеке кітапханасынан қазақ, қытай және түрік тілдерінде кітаптар мен мерзімді басылымдарды сыйға тартты. Осы арқылы кітап қорының өсуіне және көп түрлілігіне өз үлесін қосты.
   М.Оразбай Қазақстан тарихы және Орталық Азия бойынша «Қазақ тарихы», «Еуразия және қазақ тарихы» сияқты және т. б. көптеген ғылыми еңбектердің, сондай-ақ 500-ден аса ғылыми мақалалардың авторы. Өз еңбектерін тек қана қазақ тілінде емес, сондай-ақ қытай, түрік тілдерінде жазады.
   М.Оразбай ғылыми басылымдардан басқа поэзия және прозаға жүгінеді. «Адаспа асыл дос» повесі, әңгімелер жинағы және т.б. оның ұшқыр қаламынан шықты. Осының арқасында ол АҚШ, Жапония, Түркия басқа да көптеген халықаралық ғылыми және поэтикалық қоғамдардың мүшесі болды. Бұдан басқа М.Оразбай Түркия Республикасының ғылым және мәдениет саласындағы ғылыми сыйлықтың еңбек сіңірген лауреаты болды.

   Іс-шараны ақын, ҚР мәдениет қайраткері Серік Қали жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: жазушы, педагогика ғылымдарының докторы Советхан Ғаббасов, белгілі әдебиетші ғалым, профессор Дандай Ысқақ және т.б.

   Қатыушылар: жазушылар, қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орындарының студенттері.

  

  



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование