KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886287
2019 жылы:  20002
бүгiн:  1
қазiр:  42
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

31.10.2016

   2016 жылғы 31 қазанда Н.Қ.Дәулетова атындағы көрмелер залында көшпелі отырыста жұмыс тобы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына депутаттар берген түзетулерді талқылады.

   Енгізіліп отырған түзетулер бірқатар мәселелерге бағытталған. Атап айтқанда, бұл авторларды қолдау, қоғамдық маңызы бар әдебиеттер шығару және осы туындыларды әрбір мемлекеттік кітапханаға жеткізу; мемлекеттік сатып алу тетігін жетілдіру; театрлардың, кітапханалардың және өзге де мәдениет ұйымдарының қызметі үшін жағдайларды жетілдіру,  сондай-ақ басқа да мәселелер қамтылды.
   Отырыс жұмысына Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Гүлмира Истайбекқызы Исимбаева, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Мұстахымқызы Иксанова, Парламент Мәжілісінің депутаттары, Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Рахматтоллақызы Райымқұлова,  Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы Қырықбаев, мәдениет және спорт, әділет, қаржы, білім және ғылым министрліктерінің, қалалық мәдениет басқармасының жауапты қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының, шығармашылық одақтарының басшылары, Парламентке кірмеген саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сарапшылар қатысты.

   Заң жобасы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметі шеңберінде қаралды. Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан жетекшілік етті.

  

  

  


 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование