KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886250
2019 жылы:  19965
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

28.10.2016

   2016 жылғы 28 қазанда Герольд Карлович Бельгер атындағы мемориалды кабинеттің ашылуы өтті.

   Герольд Карлович Бельгер - барлық қазақстандықтардың құрметті де ардақты Адамы. Оның барлық шығармалары: проза, эссе, әдебиеттану жұмыстары, сұхбаттары әрқашан қоғам назарында болды. Оның қазақ әдебиеті классиктерінің (Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Ә.Нұрпейісов және т.б.) орыс тіліндегі аудармалары үлгі болып табылады.
   Герольд Карлович шынайы қазақ болды және ол өзі шыққан тамырын ұмытқан жоқ. Оның қаламынан ұлттық неміс әдебиетінің тарихи жолы, сондай-ақ Ресей немістері туралы басылымдар шыққан.
   Герольд Бельгер Бейбітшілік және рухани келісім үшін Президент сыйлығының лауреаты (1992), Парасат (Блогородство) №1 (1994), Германия Федеративтік Республикасына сіңірген еңбегі үшін (2010), қоғамдағы жемісті еңбегі, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін 2-ші дәрежелі Достық орденімен марапатталды.
   Үлкен залда - «Плетенье чепухи» кітабының 1-ші томының тұсаукесері (Ермек Тұрсыновтың Әлеуметтік және гуманитарлық қоры)  - «Герольд Бельгер» (Қазақфильм) деректі фильмінің көрсетілімі үлкен жетістікпен өтті.
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Герольд Бельгердің өмірі мен шығармашылығына арналған  кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Сөз сөйлегендер: О.Сүлейменов, Д.Исабеков, Ж.Сейдуманов, Ә.Асқар, А.Осман, Е.Тұрсынов, жұбайы Р.З. Хисматулина  және т.б.

   Г.К.Бельгердің мемориалдық кабинетінің ашылуына қатысушылар: жазушылар, қоғам қайраткерлері, жұбайы Р.З.Хисматулина, туыстары және БАҚ өкілдері.

  

       


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование