KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886247
2019 жылы:  19962
бүгiн:  1
қазiр:  14
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.11.2016

   2016 жылғы 4 қарашада Н.Қ.Дәулетова атындағы көрмелер залында Қазақ журналистикасының ардагері, көрнекті журналист, білікті аудармашы, жалынды публицист Нұрмахан Оразбектің «Өтіп еді сол заман нақ осылай», «Шындықпен шыңдалған адам» атты кітаптарының тұсаукесері және еске алу кеші өтті.

   «Өтіп еді сол заман нақ осылай» кітабы 1939 жылдың көктемінде өткен БК(б) П-ның ХVIII сьезінің өкіметті халыққа жақындату саясатына орай 1939 жылы қара күзде құрылған Фрунзе ауданының жылнамасын жасауға арналған. Қазақ әдебиетінің деректі проза жанрында бұл нақ осыны көздейтін тұңғыш еңбек.
   «Шындықпен шыңдалған адам» бұл кітап қазақ баспасөзінің қара нары, білікті аудармашы, жалынды журналист Нұрмахан Оразбектің өмірі мен қызметіне арналған. Бірінші бөлімде – «Ғұмыр! Ол ұзақ болсын, қысқа болсын, артына өз ізін, өз жылнамасын қалдырады» деп, қызығынан көрі қиындығы көп болған өмір жолын өзі толғайды. Екінші бөлімге ол кісімен қызметтес, әріптес, жора-жолдас болған адамдар мен ет жақын туыстарының естеліктері топтастырылған, одан арғы бөлімге көңіл айтулар жинақталған. Кітап – қазақ баспасөзінде айтулы із қалдырған Нұрмахан Оразбектің есімін мәңгіге қалдыру мақсатында шығарылған.

   Н.Оразбек «Құрмет» орденімен (2001), үш медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, екі рет Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
   «Қарсыбай Сыпатаев», «Құрбанбай Ырысбеков», «Капитал қамалындағы 18 күн», «Қасиеттісің, сен Отан!», «Қағажу көрген өмірден», «Бар айласы – бас пайдасы», «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы», «Шапық Шөкин» атты кітаптары жарық көрген. Атақты Оксфорд университетінің «Саясаттану», «Әлеуметтану» түсіндірме сөздіктерін түпнұсқадан аударған.
   Іс-шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан Нұрмахан Оразбектің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
   Іс-шараны жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Асқар Әлібек Асылбайұлы жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: Г.Оразғалиева, Қ.Айтаханов, С.Ақтаев, И.Сапарбай, Б.Нұржекеев, Қ.Құрманғалиев, Е.Әкімқұлов, А.Серікұлы, М.Сембай, Б.Омаров, Ж.Дәуренбеков және т.б.

   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, белгілі жазушылар, баспагерлер, туыстары, БАҚ өкілдері.

  

       



« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование