KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886063
2019 жылы:  19778
бүгiн:  1
қазiр:  22
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

08.11.2016

   2016 жылғы 8 қарашада Н.Қ.Дәулетова атындағы көрмелер залында белгілі қазақстандық ақын, прозашы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Бүркітбаева-Нүкенова Раушанның жаңа «Завитки каракуля» атты кітабының тұсаукесері өтті.

   Р.Бүркітбаева-Нүкенова «Я завидую солнцу», «Арабески любви», «Кочевница-любовь», «Ночные зеркала», «Лик ускользающей луны», «Набережная надежд» / «LE QUAL DE TOUS LES ESPOIRS» (2014), «Наскальная живопись» / «PEINTURES RUPESTRES» (2 томдық, 2015), «ПАРИЖ – PARIS» (2015), «Полынный ветер» (Атамұра, 2015) / «TNE WORMWOOD WIND»(Лондон, 2015) және т.б. поэзиялық жинақтардың авторы.
   Ол сөзсіз әдеби дарын иесі, оны жаңа дәуір ақыны деп атайды. Оның шет тілдеріне аударылған кітаптары басқа елдерде сұранысқа ие.
   Раушан Мақсатқызы Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Абай атындағы сыйлықтың лауреаты. Poetas del Mundo (Париж қ.) және  Қазақ ПЕН-клубының мүшесі.
   Лондонда өткен «Open Eurasia and Central Asia Book Forum and Literature Festival 2015» IV-ші Халықаралық әдеби фестивалінің аясында - Раушан Бүркітбаева-Нүкенова  «Жыл үздігі 2015» номинациясының дипломын алды.
   Іс-шараға, сондай-ақ белгілі ресейлік саясаткер, журналист, жазушы және баспагер Георгий Владимирович Пряхин қатысты. Г.Пряхиннің қаламынан «Интернат», «День и час» романдары «Хазарские сны», «Дом Скорби», «Грешники в раю», «Русские на Кавказе» повестері және т.б. шығармалар шыққан. Георгий Владимирович жазушы ретінде ғана емес, сондай-ақ баспа ісінің кәсіби маманы ретінде белгілі. Ол қазіргі уақытта Р.Бүркітбаева-Нүкенованың жаңа кітабын басып шығарған «Художественная литература» баспасын басқарады.

   Қатысушылар: жазушылар, ақындар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және Алматы қаласының жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттері.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование