KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060145
2019 жылы:  125680
бүгiн:  1
қазiр:  13
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

07.11.2016

   2016 жылғы 7 қарашада Н.Қ.Дәулетова атындағы көрмелер залында философия ғылымдарының докторы, профессор Сағади Байұзақұлы Бөлекбаевтың «Тюркский вклад в мировую культуру и цивилизацию» атты кітабының тұсаукесері өтті.

   Кітапта жинақталған материалдар, белгілі отандық және шетелдік түркітанушылардың еңбектері, түркілердің орны мен әлемдік тарихтағы рөлі туралы және олардың әлемдік мәдениет пен өркениетке үлесі жазылған. Монографияда көрнекті тарихшылардың, антропологтар мен түркітанушылардың еңбектері жүйелі түрде түркі халықтарының жетістіктері ұсынылған.
   Автордың негізгі міндеті – Қазақстанның тарихын ұлы түркі тарихы контексінде таныстыру, жалпы тарихқа, жалпы дерекке зор құрметпен қарау.
   Кітап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің «Мәдениет және өнер саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу және насихаттау, мұрағат ісін жүзеге асырудың тиімділігін, сондай-ақ «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» кіші бағдарламасы бойынша шыққан.

   Іс-шараны философия ғылымдарының докторы, профессор Раев Дәулетбек Сәдуақасұлы жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: М.Қойгелдиев, Б.Сейдомар, Д.Раев, Қ.Рысалды, И.Айтымбек, Қ.Жаңабаев және т.б.
   Қатысушылар: қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тарихшылар, мәдениеттанушылар.

  

        

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование