KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886297
2019 жылы:  20012
бүгiн:  1
қазiр:  37
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

04.11.2016

   2016 жылғы 4 қарашада ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Қазақстан Жазушылар одағында қарымды қаламгер, белгілі ақын, жазушы Әділбек Ыбырайымұлының «Құс жолындағы жыр» атты шығармашылық кешіне орай көшпелі көрме ұйымдастырылды.

   Әділбек Ыбырайымұлы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық әдеби «Алаш», Қазақстан Жастар одағы сыйлықтарының лауреаты және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. «Адам-айуан», «Ұяластар», «Зауқайыр» және т.б. романдардың авторы.
   Ақынның поэзияға деген сүйіспеншілігі, өлеңге деген адалдығы, жүрек тазалығы әр жырынан айқын аңғарылады. «Пір мен пырақ», «Сүмбіле шуағы», «Ақ тамақ қарлығаштар» өлеңдері «Жұлдыз», «Сарыарқа», «Простор» журналдарында, «Алматы ақшамы», «Егемен Қазақстан» газеттерінде және т.б. жарық көрді.
   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ұйымдастырылған кітап көрмесі Әділбек Ыбырайымұлының өмірі мен шығармашылығына арналды. Көрме ақын-жазушылардың, ғалымдардың, студенттер және БАҚ өкілдерінің қызығушылығын туғызды.

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование