KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886187
2019 жылы:  19902
бүгiн:  1
қазiр:  55
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.11.2016

   2016 жылғы 9 қарашада белгілі ақын, хореограф-либреттист, сценарист Дүйсенбек Нақыповтың 70 жылдығына орай шығармашылық кеші өтті.

   Дүйсенбек Нақыпов – ақын, хореограф-либреттист, сценарист. 1964 жылы Мәскеу академиялық хореография училищесін, 1985 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1964-1986 ж. Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, 1987-1991 ж. Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының «Әлем» шығармашылық бірлестігінің редакторы қызметтерін атқарған. Қазақстан хореографтары Одағының төрағасы. Бірнеше интернационалдық мәдени және гуманитарлық бағдарламалардың ұйымдастырушысы.
   Алғашқы өлеңдер жинағы «Вечер века» 1995 жылы жарық көрді. «Круг пепла» (2006 ж.) және «Тень ветра» (2009 ж.) атты екі романнан тұратын дилогияның авторы. Сонымен қатар, бірнеше өлеңдер жинағының,  соның ішінде көпшілікке танымал болған «Песни моллюски» (2000 ж.) кітабының авторы. Д.Нақыповтың шығармашылығын Анатолий Ким, Шыңғыс Айтматов, Герольд Бельгер сынды сөз шеберлері жоғары бағалаған.
   Іс-шара аясында оқырман қауымның назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан ақын, жазушы Д.Нақыповтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапхана директорының орынбасары Б.Қ.Оспанова ашып, белгілі тарихшы, этнограф М.Қ.Сембин жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: А.Жақсылықов, Л.Коваленко, Л.Ли, Ғ.Тәшімбай және т.б., сондай-ақ автор қатысқандарға алғысын білдіріп, кітаптарын сыйға тартты.
   Қатысушылар: жазушылар, ақындар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар және Алматы қаласының жоғары оқу орындарының филология факультеттерінің студенттері.

  


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование