KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886195
2019 жылы:  19910
бүгiн:  1
қазiр:  5
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.11.2016

   Ғалымдар залында белгілі ғалым тарихшы, тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Манаш Қозыбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Қозыбаев Манаш Қабашұлы 1931жылы 16 қазанда Қостанай облысы, Меңдіқара ауданының Итсары ауылында дүниеге келген. 1947 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Меңдіқара педагогикалық училищесін бітірді.
   1947-1948 жж. Қостанай облысы Үлгілі орта мектебінде мұғалім болып жұмыс атқарды.
   1953-1958 жж. С.М.Киров (қазіргі әл−Фараби ат. ҚазМУ) атындағы университетінің тарих факультетін бітіріп, Қостанай педагогикалық институтында ғылыми педагогикалық жұмысын бастаған. 1958-1974 жж. жоғарғы ғылыми қызметкер, СОКП ОК жанындағы тарих институтының ғылыми хатшысы болды.
   М.Қозыбаев: «Ұлы Отан соғысы кезінде өнеркәсіп және көлік басқару жөніндегі Қазақстан Компартиясы тәжірибесі» (1962),  «Қазақстан коммунистік партиясы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (1969) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған.
   1974-1980 жж. М.Қозыбаев Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында және С.М.Киров ат. ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының білімін жетілдіру институтында ғылыми педагогикалық жұмыстармен айналысты. 1980-1985 жж. «Қазақ кеңес энциклопедиясының» бас редакторы, «Үлкен кеңес энциклопедиясы» редакция кеңесінің мүшесі, 1985-1988 жж. Қазақ КСР Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында, тарихнама және деректану бөлімінің меңгерушісі, 1988 жылы Қазақстан ҒА Тарих және этнология институтының директоры болып қызмет атқарады. Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (1979), Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1989).
   М.Қозыбаев Қазақстан тарихындағы алғашқылардың бірі болып «ақтандақтарын» батыл аша білген. Көп жағдайда ғылыми қоғамдастық және жалпы қоғамдық Қазақстандағы 1930 жылдардағы орын алған ашаршылық қазақ халқын апатқа ұшыратты. Оның Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша фашистерді жеңудегі қазақ халқының қосқан айрықша үлесі бейнеленген ғылыми еңбектері әлемдік тарихтың өтпелі кезеңдеріндегі КСРО–ның көпұлтты халқын біріктіру көздеріне терең ғылыми талдауы болып саналады. М.Қозыбаев қазіргі кезде де өзекті болып табылатын Қазақстан тарихы бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік материалдардың авторы. Оның көп еңбектері АҚШ, Ресей, Қытай, Болгария, Германия, Украина Жапония, Иран тағы да басқа елдерде жарық көрді. Халықаралық конгресстер мен конференциялардың қатысушысы.
   М.Қозыбаев ғылыми-педагогикалық жұмысқа үлкен назар аударды. Ол 800-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың, 30 монографияның авторы. Оның тікелей ғылыми жетекшілігімен, 60-тан астам ғылым докторлары мен кандидаттары, көптеген талантты ғалымдар шықты.
   Ш.Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1970), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1995), ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығы (1997), Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген қайраткері (1986), «Парасат» орденімен (2001), Қазақ КСР XI шақырылған Жоғарғы Кеңесінің (1990-1993) депутаты.
   Манаш Қозыбаев 2002 жылы 31 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болды.
   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан алынған Манаш Қозыбаевтың өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері, мерзімді басылымдар беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз! 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование