KZ     RU     ENG
Жексебі, 10 Қараша 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
       123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
барлығы:  14909341
2019 жылы:  43056
бүгiн:  230
қазiр:  11
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.11.2016

   2016 жылғы 11 қарашада Ұлттық кітапхананың қонағы - Илкка Taйпaлe - дәрігер және қоғам қайраткері, жақында өткен - Финляндия Парламентінің депутаты және «Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін» халықаралық ұйымы фин филиалының негізін қалаушы, «Финляндияның жүз әлеуметтік инновациясы» кітабының бастамашысы және авторымен кездесу өтті. Бүкіл әлемге таралған бұл кітап ағылшын, жапон, орыс, қытай, швед, корей, урду, қазақ және басқа тілдерде жарық көрді.

   Илкка Taйпалeні әлеуметтік жаңашыл деп атайды. Ол 10 жылдан астам уақытын кітапқа арнады. Сарапшылыққа өзінің жүздеген достарын, таныстарын, қарсыластары мен жақтастарын, оның ішінде Финляндияның бұрынғы Денсаулық сақтау министрі болған әйелі Ваппа Taйпaлeні тартты. Кездесуде сондай-ақ, «Финляндияның жүз әлеуметтік инновациясы» кітабының тұсаукесері болды. Кітап оқырманға тегін білім беру, қарттарды қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, студенттерге жәрдемақылар, салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік пәтердің құрылысы және парламенттік демократия сияқты фин әлеуметтік инновацияларымен таныстырады.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапхана директоры Жанат Тұрарұлы Сейдуманов ашып, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оразалы Сәбденұлы Сәбденов жүргізді.

   Қатысушылар: Финляндия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Илкка Райсанен мырза, ҚР ҰҒА академигі Т.Ш.Шарманов, академик О.С.Сәбденов, ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өкілі С.А.Карпов сондай-ақ қоғам қайраткерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование