KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060085
2019 жылы:  125620
бүгiн:  1
қазiр:  21
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

11.11.2016

   Әлем әдебиеті қызметінің оқу залында америка жазушысы Джеймс Фенимор Купердің «Зверобой, или Первая тропа войны» романының 175 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Джеймс Фенимор Купер 1789 жылы 15 қыркүйекте Нью-Джерси штатында, Берлингтонда дүниеге келді. Джеймс Фенимор Купер ең жарқын және ерекше дарынды, америка шытырман оқиғалы романының «әкесі», Солтүстік Америка жазушыларының ішіндегі, ең бірінші, әлемді мойындатқан жазушы.
   Дж.Купердің «Зверобой, или Первая тропа войны» шытырман оқиғалы романы 1841 жылдың тамызында жарық көрді, Филадельфия қаласында басылып шықты. «Зверобой» оның атақты Солтүстік Американы отарлау тарихына арналған бес циклді романдарының ішіне кіреді. Үндіс өркениеті жойылуының қайғылы оқиғаларының көрінісі, ондағы аңшы және із кесуші Натти Бампоның, лақап аты Зверобой, тартымды шытырман оқиғаларын өрбітеді.
   Роман кейіпкердің жастық шағын, біртіндеп аңшыдан батыл да ақылды жауынгерге айналуын әңгімелейді. Делавар атты үнділік тайпада өскен, адал әрі қарапайым аңшы табиғатпен бірлесіп өмір сүреді. Осы жерде оның әйгілі үнді тайпасы көсемі Чингачгукпен таныстығы басталады. Сюжеттің негізіне, көлдегі қалқитын үйде тұрып жатқан Томас Хаттер және оның қыздарының тарихы жатады. Кенеттен, осы жердегі дұшпан тайпалардан үндістердің пайда болуы, тыныш жатқан бейбіт көлді ұрыс даласына айналдырады. Қарулы айқастар мен торуылдар, тұтқындалу мен қашу, сатқындық, әскери қулықтар, үрейлі қаталдық пен игіліктер, алаңсыз таза табиғат пен дауыл, адам сезімінің дауылы – осының бәрі шебер түрде өрілген қайталанбас романның арқауы болып табылады. Оқырман әрбір жаңа романды шыдамсыздықпен күтеді және осы романдар үлкендерді де, жасөспірімдерді де өзіне тартады. Фенимор Купердің шығармалары, соның ішінде «Зверобой» романы әр елде, бірнеше рет экрандалған.

   Көрмеге Джеймс Фенимор Купердің «Зверобой, или Первая тропа войны» романының әр жылдардағы, әр тілдерде басылған романы және америка жазушысының шығармашылығы туралы әдебиеттер қойылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование