KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886095
2019 жылы:  19810
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

15.11.2016

   2016 жылғы 15 қарашада Нәзира Дәулетова атындағы көрмелер залында Қанат Тасибековтың «Ситуативный казахский т. ІІІ, Словарь» кітабының тұсаукесері өтті.

   Автордың алғашқы екі кітабы «Ситуативный казахский» том І – «Мир казахов» және том ІІ – «Диалоги», жалпы таралымы 32 мың данамен баспадан шығып, қазақстандық бестселлеріне айналды. І Том – «Мир казахов» кітабы «Эксперт Казахстан» интернет-порталының әлеуметтік зерттеуі бойынша Қазақстан халқының ұлттық дүниетанымын көрсететін 100 кітаптың қатарына енген (http://expertonline.kz/a10759/). Автор қазақ тілін үйретудің әдістемесін дамытқан еңбегі үшін «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталған.
   Екінші кітабы – «Диалоги» үшін автор Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам орнату жолындағы тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтудағы сіңірген еңбегі үшін «Бірлік» алтын медалімен марапатталған.
   - Бұл еңбегімде өз оқырмандарымды күнделікті орысша айтып жүрген, қолданып жүрген әртүрлі сөз тіркестерінің қазақша баламаларымен таныстыруды қолға алып отырмын. Мақсатым -  өз оқырмандарымды қазақ тілінің шексіз бай әлеміне осылай таныстыра берсем, жетектей берсем деген ойым бар, – дейді автор.
   Тұсаукесер кезінде келер жылдан бастап ҚР Ұлттық кітапханасында өз жұмысын бастайтын Қанат Тасибеков жетекшілік ететін «Қазақ тілінің әңгіме-дүкені» клубының жұмыс жоспары талқыланды.
   Іс-шараны «Central Asia Monitor» газетінің журналисті Кенже Татиля және осы кітаптың редакторы Назгүл Қожабек жүргізді. Тұсаукесер екі тілде  жүргізілді.
   Сөз сөйлегендер: М.Қуанышбек, С.Жеңісбек, Р.Минуллин және т.б.
   Қатысушылар: ғалымдар, журналистер, БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование