KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885975
2019 жылы:  19690
бүгiн:  1
қазiр:  49
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

16.11.2016

   2016 жылғы 16 қарашада Нәзира Дәулетова атындағы көрмелер залында Қазақстандағы және Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтерілістің (1916 ж.) 100 жылдығына арналған дөңгелек үстел және кітап көрмесі өтті.

   1914 жылдан басталған және оған патшалық Ресей де қатысқан бірінші дүниежүзілік соғыс оның халықтарына аса ауыр қасіреттер әкелді: әлеуметтік және ұлттық езгі күшейді, империяның шет аймақтарында патша шенеуніктерінің басынушылығы мен зорлық–зомбылығы өлшеусіз артты. Қазақстанда бірінші кезекте қазақтардың жерлерін жаппай тартып алу жалғасып жатты. 1916 ж. ортасына таман қазақ халқынан тартып алынған жерлердің көлемі 45 млн. дес. жетті. Соғыс шикізатты, азық–түлік, малдың және басқа материалдық байлықтардың орасан зор мөлшерін жұтып жатты. Жергілікті халыққа салынатын салықтар соғыстың басталуына байланысты кей жағдайларда – 15 есеге дейін өсті.
Отарлық езгінің күшеюі, еңбек адамдарының қиыншылығы, аймақтағы қазақ және өзге де тұрғылықты халықтарға деген патшалықтың жүргізген орыстандыру саясаты, көтеріліске байланысты көпшіліктің жағдайының күрт нашарлауы 1916 ж. соғысқа деген өшпенділікті күшейтті. Соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарыстың пісіп  жетілу процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі – Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 ж. ұлт–азаттық көтеріліс болды. Көтеріліске патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы армияның тыл жұмыстарына Қазақстанның, Орта Азияның еркек халықтарын жұмылдыру жөніндегі жарлығы тікелей себеп болды.
   Көтеріліс бүкіл Қазақстанды қамтып, патшалықтың әскери-отарлаушылық және кең ауқымды орыстандыру саясатына қарсы әрі белгілі бір дәрежеде ауылдардың бай-феодалдық басшы топтарына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысына ұласты. Осымен бірге, бұл көтеріліс халық шаруашылығының дағдарысына және халықтың қайыршылануының ең шекті шегіне алып келген империалистік соғысқа қарсы бағытталды.
   1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызы халықтың ұлттық санасын ояту, этникалық мемлекет бастамасын жаңғыртуға талпыну, өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолындағы күресіне батылдығы болды.
   Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының және сирек кездесетін кітап және қолжазбалар қорынан көрме ұйымдастырылды.
   Іс-шараны Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қызметінің жетекшісі А.Қ.Бекпулатова ашып, этнограф, тарих ғылымдарының докторы М.Қ.Сембин жүргізді.
   Мұрат Мұхтарұлы Әуезов келген қонақтарға «Олжас кітапханасы» баспа үйінен басылып шыққан «Қилы заман» кітабын сыйға тартты. 
   Сөз сөйлегендер: белгілі мәдениеттанушы, ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері М.М.Әуезов, белгілі жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Б.Н.Нұржекеев, ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, белгілі алаштанушы М.Қ.Қойгелдиев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент И.В.Ерофеева, белгілі жазушы С.Елубай және т.б.

   Қатысушылар: тарихшылар, мәдениеттанушылар, ҚР-ның қоғам қайраткерлері, жазушылар, ЖОО студенттері, БАҚ өкілдері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование