KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885936
2019 жылы:  19651
бүгiн:  1
қазiр:  18
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.11.2016

   2016 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» оқу залында Қазақстанның Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың мемориалдық кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.

   Әзілхан Нұршайықов – көрнекті қазақ жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Он төрт жасынан бастап өлең шығара бастаған. Ұлы Отан соғысы кезінде майдандық газеттерде және республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде патриоттық өлеңдері басылған. Соғыстан кейін очерктер жазуға көшкен.
   Ә.Нұршайықов ұзақ жылдар журналист болып қызмет істеген. Журналист бола жүріп, жазушылық атаққа ие болған. 40-тан астам кітаптың авторы. Жазушы негізінен махаббат пен достық, отаншылдық пен ерлік, адамгершілік пен инабат, интернационализм жайында жыр еткен. «Махаббат, қызық мол жылдар» романы қазақ жастарының қолынан түспейтін, іздеп жүріп оқитын кітабына айналды. «Ақиқат пен аңыз» кітабы Отанымызға кеңінен танымал болған. Романның бас кейіпкері – Ұлы Отан соғысының атақты каһарманы Бауыржан Момышұлы. 
   «Ақиқат пен аңыз» романы үшін автор Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сондай-ақ, әскери-патриоттық шығармалары үшін А.А.Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. Қаламгер Кеңес Одағының 4 орденімен және оннан астам жауынгерлік медальдармен, Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Тәуелсіздік жылдарында «Ерен еңбегі үшін» медалімен (1995) және «Парасат» орденімен (2005) марапатталды. Қазақстанның Халық жазушысы атағын алған (1990).
   Іс-шара бағдарламасында:
−мемориалдық кабинеттің салтанатты ашылуы;
−Ә.Нұршайықов туралы «Жүрек жарды» фильмінің көрсетілімі (автор Ж.Сейдеш, 2010 ж.).
−Ә.Нұршайықов атындағы стипендияға жылсайынғы «Әлем және адам» әдеби сайысын өткізу туралы бейнеролик.

   ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Юсупова Ажар құттықтау сөз сөйлеп, мемориалды кабинеттің ұйымдастырылу мақсаты туралы айтты. Ашылу рәсімінде ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ұлықбек Есдәулет, белгілі қазақ ақын-сатиригі Мыңбай Рәш, Нұрмұқан Әжметов және жазушының қызы Жанат Нұршайықова сөз сөйледі. Іс-шараға белгілі жазушылар, қоғам қайраткерлері, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Астана қаласынан Н.Гумилев атындағы Еуразиялық университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ғылыми қызметкерлері, жазушының туыстары мен достары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

  

  

 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование