KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885953
2019 жылы:  19668
бүгiн:  1
қазiр:  34
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

23.11.2016

   2016 жылғы 23 қараша, сағат 11.00-де Нәзира Дәулетова атындағы залда танымал ақын, прозашы, публицист, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Валерий Федорович Михайловпен шығармашылық кездесу өтті.
   Ұйымдастырушылар: Қазақстанның жазушылар одағы және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы.

   Валерий Федорович Михайлов 1946 жылы Қарағанды қаласында туған. Қазақ политехникалық институтының геофизика факультетін және Мәскеудегі Жоғарғы комсомол мектебінің журналистика бөлімін бітірген. 1997 жылдан бастап «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы, 2003 жылдан «Простор» әдеби-көркем журналының бас редакторы, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болып қызмет атқарды. Поэзия академиясының корреспондент-мүшесі (Мәскеу), «Парасат» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Оның 20-дан астам өлеңдер мен прозалық шығармалар кітабы жарыққа шықты. Валерий Михайлов – 9 мәрте басылып, қазақ, неміс, ағылшын тілдеріне аударылған «Великий джут» көркем-публицистикалық повесінің авторы. Повесть Қазақстанның мектеп хрестоматиясына енген. Мәскеудегі «Молодая гвардия» баспасының «Жизнь замечательных людей» сериясында оның Михаил Лермонтов және Евгений Баратынский туралы кітаптары жарық көрді. «Жизнь замечательных людей. Биография продолжается» сериясында белгілі саясаткер, дипломат Таир Мансуров пен бірлесіп жазған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы кітабы шықты. Валерий Михайлов – ұлы орыс ақыны, Павлодарда туған Павел Васильевич туралы, заманауи ресейлік және қазақстандық жазушылар Юрий Кузнецов, Әбдіжәміл Нүрпейісов, Қадыр Мырзалиев, Әкім Тарази және т.б. туралы жазылған «Сердце нараспев» эсселер кітабының авторы. Валерий Михайловтың сан қырлы шығармашылығы кездесу барысында жоғарыда аталған кітаптар және «Молодая гвардия» баспасының танымал «Золотой жираф» сериясында жарық көрген, есеп бойынша он алтыншы «Дымящийся свиток» поэзия жинағы арқылы таныстырылатын болады. Қоғамды мойындатқан «ЖЗЛ» сериясындағы «Один меж небом и землей» кітабы мен әдеби шығармашылықтағы жетістіктері үшін В.Михайлов М.Ю.Лермонтовтың туғанына 200 жыл толғанда Лермонтов сыйлығына ие болды. Аталған кітаптардың ішінен «Пушкин. Лермонтов. Тютчев» атты ұлы ақындардың өмірбаяндары жайлы кітабын автор ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға тартты.

   Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан В.Михайловтың кітаптары мен ол туралы жарияланымдар ұсынылды.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, құттықтау папкасын табыс етті.
   Кешті ҚР Білім және ғылым министрлігі М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Аналитика және сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Светлана Ананьева жүргізді.

   Сөз сөйлеген қонақтар: М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры У.Қ.Қалижан, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары И.В.Переверзева, ақын, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары       М. Райымбекұлы және т.б.
   Қатысушылар: танымал жазушылар, әдебиеттанушылар, сыншылар, кітапхана қызметкерлері.

  

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование