KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885967
2019 жылы:  19682
бүгiн:  1
қазiр:  43
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

18.11.2016

   2016 жылғы 9-12 қараша күндері Астанада Халықаралық «Eurasian Book Fair-2016» кітап көрме-жәрмеңкесіне ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов, директордың орынбасары С.А. Елемесова, Әлем әдебиеті қызметінің кітапханашысы К.А. Бахина  және Кітап қорын толықтыру қызметінің  кітапханашысы Г.Б. Смағұлова қатысты.

   Кітап жәрменкесіне қазақстандық және шетелдік 80-нен астам баспалардың, кітап саудасы ұйымдарының басшылары, ресми тұлғалары, халықаралық сарапшылар, танымал жазушылар мен ақындар, мәдениет қайраткерлері, баспа жобаларын қолдайтын ұйымдар мен қорлардың өкілдері, кітапхана, білім беру және ғылыми қауымдастықтар өкілдері, қатысты. Көрмеде кітап шығару және полиграфия саласындағы жетекші баспалардың заманауи кітап өнімдерін көпшілік назарына ұсынып, кітап саласындағы жаңа технологиялардың үлгілерін таныстырды. Көрме-жәрмеңкеге ТМД, Еуропа мен Азияның 20-дан астам мемлекеттердің баспалары қатысты. Еуразия кеңістігіндегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара ретінде кітап көрме-жәрмеңкесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. 
   Көрме шеңберінде кең мәдени шаралар - жаңа кітаптардың тұсаукесерлері, дөңгелек үстелдер, танымал жазушылар мен ақындармен кездесулер өткізілді. Кітапхана қызметкерлері баспа, кітап шығарушы мекемелер өкілдерімен танысып, байланыстар орнатылды. Отандық және алыс-жақын шетелдердегі айтулы баспалардың өнімдерімен танысып, нәтижесінде Ресей, Белорусь, Қытай, Тәжік, Қырғыз елдерінен Ұлттық кітапхана қорына 400 дана кітаптар сыйға алынды. Атап айтқанда: Ресейдің «Гильдия книжников» ұйымынан «Художники Содружества» сериясынан Қазақстанның, Арменияның, Тәжікстанның, Молдованың, Киевтің, Түркіменстанның, Өзбекстанның және т.б. бейнелеу өнері туралы барлығы 22 дана альбом, «Правители России» сериясымен 17 дана кітап және Беларусь баспаларынан ғылыми-техникалық 79 дана кітап, ҚХР «Ұлттар баспасынан» 99 дана қытай және төте жазудағы кітаптар және т.б.
   Бұл кітап жәрменкесінің кітапханалар үшін баспалармен, авторлармен, кітап сатушы ұйымдармен және полиграфиялық компаниялардың ақпараттық, шығармашылық және іскерлік ынтымақтастығын нығайту және кеңейту мақсатында пайдасы зор.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование