KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885998
2019 жылы:  19713
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.11.2016

   «Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан жазушы-натуралист, Қазақстанның халық жазушысы Максим Дмитриевич Зверевтің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Максим Зверев 1896 жылы 29 қазанда Баянауыл қаласында (Ресей) дүниеге келген. 1916 жылы орта мектепті және әскери қызметті бітіргеннен кейін Томск университетінің жаратылыстану бөліміне оқуға түседі (1923). Бірінші дүниежүзілік, Азаматтық, Ұлы Отан соғыстарының ардагері.
   Максим Дмитриевич Зверев – кеңестік ғалым және жазушы-натуралист, табиғат пен жануарлар туралы кітаптардың авторы. 1923-1927 жж. Сібір өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, Новосибирск зообағының директоры, Томск университетінің зоология кафедрасының доценті, 1937-1952 жж. ─ ғылыми бөлімнің меңгерушісі, Алматы зообағының директоры, С.М.Киров (қазіргі әл−Фараби ат. ҚазМУ) атындағы университеті зоология кафедрасының доценті қызметтерін атқарды.
   М. Зверев өмірінің ширек ғасырын ғылымға арнады. Ол 100-ден аса ғылыми еңбектер, монографиялар, ғылыми–танымал кітаптар жариялады. Ол терриология негізін қалаушы
(сүтқоректілер ғылымы) болып табылады. М.Зверев Сібір ауыл шаруашылығы зоология негізін салушы ретінде танылды. Оның жетекшілігімен: А.Долгушин, В.Н. Скалон, А.А. Слудский сияқты Қазақстанда зоология ғылымдарының негізін салушы, болашақ көрнекті ғалымдар тәжірибеден өтті. М.Зверевтің ең алғашқы табиғат зерттеушісі  Е.В. Гвоздев болды. Көрнекті ғалым, ғылым докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі,  вице-президенті болды.
   1952 жылдан М.Зверев шығармашылық жұмыспен айналысады. Оның алғашқы «Охота на волков» әңгімесі 1917 жылы жарық көрді. Алғашқы кітабы «Белый марал» 1922 жылы жазылып, 1929 жылы жарық көрді. Жазушы өз шығармаларында Сібір мен Қазақстанның қайталанбас табиғатын суреттейді. Шығармаларының кейіпкерлері ─ туған жерінің табиғатын қамқорлықпен қорғайтын аңшылар, ғалымдар, жас натуралистер.
   Жазушының: «В норах и гнездах» (1937), «Встречи в лесу» (1938), «Заповедник пестрых гор» (1946), «В прииртышских лесах и степях» (1950), «Золотая сайга» (1957), «Охотники из Кокпека» (1963), «Волк из пустыни» (1975), «Заимка в бору» (1980), «Неожиданные встречи» (1986), «На егерских кордонах» (1987), сондай-ақ «Крылатый подарок» балалар көркем фильмінің сценарийі сияқты туындылары оқырмандардың сүйікті шығармаларына айналды.
   М.Зверев шығармашылығында жазушының шеберлігі мен ғалымның білімі ұштасып отырды. Жазушының көптеген шығармалары  ТМД елдерінің тілдеріне аударылған.
   Екі рет Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1953, 1980). Жемісті әдеби қызметі үшін М.Д.Зверев Қазақстанның Халық жазушысы атағын алды (1987). Еңбек Қызыл Ту орденімен (1986), Халықтар достығы, «Құрмет белгісімен» марапатталған.
   Максим Зверев 1996 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

   Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан жазушы М.Д.Зверевтің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары қойылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование