KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886229
2019 жылы:  19944
бүгiн:  1
қазiр:  39
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

25.11.2016

   Әлем әдебиетінің оқу залында Австрия жазушысы Стефан Цвейгтің 135 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Стефан Цвейг – белгілі австриялық жазушы, сыншы, көптеген новеллалардың авторы және беллетриздік өмірбаяндық шығармалар шебері. Жазушының балалық және жастық шақтары туралы мәлімет өте аз: өмірінің басында барлығы дәл ғасырлар тоғысындағы басқа да еурапалық зиялылардікіндей болғанын атай отырып, ол өзі туралы аз айтатын еді.
   Вена университетін бітірген. 1901 жылы алғашқы «Серебрянные струны» өлеңдер жинағын тәуекел деп өзінің пірі, белгілі австриялық ақын Райнер Мария Рилькеге береді. Рильке жауап ретінде өз кітабын сыйға тартады. Осылай олардың арасында  достастық пайда болып, ақынның Рилькеге деген достығы үлғая түседі. Автордың әдеби-сын мақалалары берлиндік және веналық журналдарда жарық көреді. Цвейг 1904 жылы докторлық атағын алып, новеллалар жинағын және өлеңдерінің аудармаларын жариялайды. Еуропаға, Америкаға, Азияларға саяхат жасап, өз тәжірибесін дамытып, шығармашылығында үлкен әсерлі шабыт алады.
   Цвейгтің: «Амок», «Смятение чувств», «Шахматная новелла» атты новеллалары оны дүние жүзіне танымал етеді. Бұл шығармалар оқырманды көркем сюжетпен, драматизммен, адам табиғатын дәл суреттеумен таңқалдырды. Осы кезде жазушы романдарды жазуға бет алады. 1982 жылы автор қайтыс болғаннан кейін, қырық жылдан соң, «Нетерпение сердца» және «Угар преображения» атты романдары неміс тілінде жарық көрді.
   Цвейг ғасырлар тоғысындағы Магелланның, Марии Стюарттың, Эразма Роттердамның, Жозефа Фуштың, Бальзактың, Марии Антуанеттің өмірлерін жиі жазбаса да тартымды жеткізе білді. Жазушы әрдайым құжаттармен жұмыс істеген кезде, асқан шеберлігімен, кез-келген хаттар немесе мемуарлардың ішінен психологиялық қитұрқылықты байқаған. Қитұрқылық «Три певца своей жизни» (Казанова, Стендаль, Толстой), «Борьба с демоном» (Гёльдерлин, Клейст, Ницше) атты шығармаларында айқын көрінеді.
   «Триумф и трагедия Эразма Роттердамского» (1934 ж.) шығармасының кейіпкері Цвейгке айрықша жақын. Жазушыға Эразмның өзін әлем азаматы санағаны үшін қадір тұтты. Эразм жоғары деңгейлі дін және зиялы қоғам лауазымдарынан бас тартқан. Ол қарбалас өмірдегі әуесқойлық пен атаққұмарлық қасиеттерден жат болып, өзінің бар күшін тәуелсіздікке қол жеткізуге жұмсады. Цвейг өзінің кітаптарымен өз ғасырын баурап алды, өткені ол өз уақытындағы ауыр мәселелерді сөз арқылы айтып жеткізе білді. 
   Цвейгтің өмірінің соңғы жылдары – кезбелік жылдар болды. Ол Зальцбургтан қашып, Лондон қаласын уақытша тұрғылықты жері етіп таңдады. Одан кейін, 1940 жылы Латын Америкасына бет бұрып, АҚШ-қа көшіп барды, кейінірек биік таулы бразилиялық шағын Петрополис қалашығына қоныстануға шешім қабылдады. Стефан Цвейг 1942 жылы қайтыс болды.
   Цвейгтің Бразилиядағы үйі кейінірек мұражайға айналып, қазір Casa Stefan Zweig атымен танымал. 1981 жылы жазушының 100 жылдығына орай Австрияның пошталық маркасы шығарылды.

   ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көрмеге Стефан Цвейгтің әр жылдардағы, әлемнің әр тілдерінде басылған кітаптары мен жазушының шығармашылығы туралы қызықты әдебиеттер жинағы ұсынылған.

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование