KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886207
2019 жылы:  19922
бүгiн:  1
қазiр:  17
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

30.11.2016

   2016 жылғы 30 қарашада Нәзира Дәулетова атындағы көрмелер залында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай дөңгелек үстел өтті.

   Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық кітапханасы, С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.

   Іс-шараның бастамашылары Қазақстаннан тыс аймақтарға белгілі атақты суретшілер әулеті - Ақанаевтар болып табылады. Олардың жұмыстары Ресей, Еуропа, Америка Құрама Штаттарының мұражайларында, сондай-ақ әлемнің көптеген елдеріндегі жеке топтамаларда ұсынылған.
   Дөңгелек үстел аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Елбасы» атты кітап көрмесі және Ақанаевтар отбасының «Қазақстан Республикасының бейнелеу өнері академиясы» көркем сурет экспозициясы ұйымдастырылды.
   Аталған іс-шараның мақсаты - Тәуелсіздік және өскелең ұрпақты тәрбиелеу, мемлекет Басшысының саясаты мен тұрақты дамуының іргетасы болған, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін ұқыпты отбасылық құндылықтарға арналған.
   Әулеттің негізін қалаушы - Ақанаев Амандос Атыбекұлы, ҚР өнер қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР өнер академиясының мүшесі, «Қазақстан Республикасының бейнелеу өнері академиясы» қоғамдық қорының  бастамашысы.
   Оның жұбайы - Нелли Витальевна Бубэ, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,  академик, кескіндемеші, суретші. Көптеген дипломның, сурет кітаптарының иегері және «Человек и его творчество» байқауының Гран-при иегері. «Ұлы Жібек жолы» суреттер сериясының авторы.
   Балалары мен немерелері де белгілі суретшілер.
   Ұрпақтар сабақтастығы және талантты Ақанаевтар отбасы елдің құрметі мен махаббатына ие. Олар республикалық «Meрейлі отбасы 2016» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары болып табылады.
   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж. Т.Сейдуманов ашты.
   Сөз сөйлегендер: А.Серкебаев, А.Нақысбеков, Б.Байділда, Р.Ақанаев және немересі М.Ақанаев. Дөңгелек үстел С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің студенттері дайындаған әдеби-музыкалық композициямен жалғасты.

   Қатысушылар: шығармашылық зиялы қауым өкілдері, Ақанаевтар отбасы мүшелері, қоғам қайраткерлері, Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, БАҚ өкілдері.

  

  

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование