KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886163
2019 жылы:  19878
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

06.12.2016

   2016 жылғы 6 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Оразәлі Сәбденнің қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «АБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЦИВИЛИЗАЦИЯ» және Оразәлі Сәбден мен Әбдімәлік Ашировтың «ХХI ғасыр және содан кейінгі ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы» атты кітаптарының тұсаукесері өтті.

   «АБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЦИВИЛИЗАЦИЯ» атты кітабының авторы белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбден.
   Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай - ой мен сөз бостандығының символына айналды.  Қазақтың идеалы – Абай.  Кітапта оның қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Сондай-ақ, қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан әл-Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев сияқты 30-ға жуық тарихи ұлы тұлғалар туралы қысқаша мəлімет беріледі.
   Бұл кітаптың ерекшелігі – ол халықаралық деңгейде жаңа постмодернизм тәсілінде бүгін мен болашақтың өзекті сұрақтарына жауап беріп, оларды қалай іске асыру жолдары жазылған. Соның арқасында Қазақстанды, яғни қазақ елін жаңа өркениетке, ізгілендіру қоғамына көтеру - автордың негізгі мақсаты. Адамзаттың XXI ғасырда өмір сүру жолдары, Түркістанды рухани жаңғырту жобалары ұсынылған. Атап айтқанда: экономика, рухани-мәдени, ғылыми-технологиялық революция, экология, ғарышты игеру, қауіпсіздік туралы. Кітапқа академиктердің, мамандардың пікірлері берілген.
   24-29 қарашада Лондонда V халықаралық «Open Eurasian Literature festival & Book forum» әдебиет фестивалі аясында Оразалы Сабден мен Әбдімәлік Ашировтың «The Conceptual Strategy for Humankind's Survival in the XXI Century and Food Security» кітабының көрсетілімі болды, бұл кітапта авторлар адамзаттың назарын XXI ғасырдағы жаһандық мәселелерге аударып және оларды шешудің бірегей бағдарламасын ұсынады. Кітап әлемнің 67 еліне таныстырылды. «ХХI ғасыр және содан кейінгі ғасырдағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының концепциясы» кітабында постиндустриалды әлемдегі жалпыадамзат цивилизациясының 6 базалық элементке: руханилық, ғылыми-техникалық революция, экономика және әлемдік қауіпсіздік, экология, ғарышты игеруге негізделген планетарлық үйін құру қағидалары әзірленді. О.Сәбден профессор Ә.Ашировпен бірге адамзат өмір сүруіндегі күрделі мәселелердің бірі – әлемде аштыққа душар болған 1,3 миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін тәжірибелік тұрғыда шешеді.

   Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т. Сейдуманов ашып, академик, қоғам қайраткері Ә.Сатыбалдин жүргізді.
   Қатысушылар: белгілі ғалымдар, зиялы қауым, академиктер Ә.Қайдар, С.Қирабаев, А.Кошанов, К.Ормантаев, А.Бейсенова, Ә.Нысанбаев, К. Байпақов, М.Мырзахметов, Б.Ракишев, Н.Блиев, Ә.Дербісәлі, Ә.Сатыбалдин, мәдениет және коғам қайраткерлері: А.Осман, Х.Ғабжалилов, Р.Ботабеков, Г. Капекова т.б., профессорлар, мәдениеттанушы, қоғам қайраткері М.Әуезов, PhD, магистр, студент жастар, БАҚ өкілдері, ТВ, журналистер. Қатысқан қауымға ризашылық білдіріліп, жаңа шыққан кітап табыс етілді.

  

  




« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование