KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886161
2019 жылы:  19876
бүгiн:  1
қазiр:  50
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

01.12.2016

   2016 жылғы 1 желтоқсан күні Республика сарайында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» атты  көшпелі кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Көрменің мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың егеменді, экономикалық тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңіндегі тарихи рөлін, қазақстандық қоғамды жаңғырту мен қайта құрудағы еңбегін кеңінен ашып көрсету.
   Көрме – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жылдарының ерекше шежіресі. 6 бөлімді көрмеге қазақ, орыс және шет тілдеріндегі 500-ден астам басылым қойылған. Онда  Тұңғыш Президенттің өмір жолы, жастық шағы, еңбекке араласқан жылдары, саяси және қоғамдық қызметі қамтылған. Сонымен қатар, Елбасы туралы әлем саясаткерлерінің ой-пікірлері, ақын-жазушылар шығармаларының топтамалары бар.
   Көрмеде республикалық «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Казахстанская правда», «Ленинская смена» және облыстық «Индустриальная Караганда», «Орталық Қазақстан», «Темиртауский рабочий», «Социалистическая Караганда», «Металлург», «Советтік Қарағанды» газеттерінде жарияланған Н.Назарбаевтың 1958-1969 жылдардағы алғашқы еңбек жолын қамтитын 20-ға жуық мақалалары ұсынылды.
   Қатысушылар: ақын-жазушылар, жас ақындар, Алматы қаласының әкімшілігі, жоғарғы оқу орындарының студенттері.

  

  

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование