KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060201
2019 жылы:  125736
бүгiн:  20
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

09.12.2016

   2016 жылғы 9 желтоқсанда Нәзира Дәулетова атындағы көрмелер залында «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Үркер» әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналының проза, поэзия, публицистика жанрлары бойынша жас таланттарды қолдау мақсатында жарияланған «ҮРКЕР-ҮМІТ» бәйгесі мәресіне жетіп, қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

   Қазылар алқасының шешімімен проза жанры бойынша «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі Әлібек Байболдың «Қамшының көлеңкесі», жазушы, Семей қалалық Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Қуат Қиықбайдың «Тәуелсіз тоқал» әңгімелері, поэзия жанры бойынша ақын, «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкері Толқын Қабылшаның «Көз жасын күн сүйетін көктеммін мен» өлеңдер топтамасы, журналист, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің қызметкері Нұрлан Құмардың «Аламан бәйге – ауыл баласының арманы» атты мақаласы жеңімпаз деп танылды.
   Жеңімпаздарға жүлдені «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры, редакторлық кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Үркер» журналының бас редакторы, жазушы Қуандық Түменбай мырзалар табыстады.
   Жүлдегерлер арнайы дипломмен, заттай сыйлықтармен марапатталды.

   Іс-шараға ақпараттық қолдау көрсетуге ниетті журналистер шақырылды.

  

  

  

 


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование