KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886078
2019 жылы:  19793
бүгiн:  1
қазiр:  35
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.12.2016

   2016 жылғы 14 желтоқсанда Н.Дәулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Халықтар бірлігі – Тәуелсіздік тұғыры» атты дөңгелек үстел және ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, әлем кубогының иегері Ардақ Назаровпен кездесу өтті.

   Әлем халықтарының бірлігі, кемел тәуелсіздіктің тұғыры. Ол әрине тек қана дипломатиялық қарым-қатынас емес, іргелі елдің мәдениеті мен спортының дамуы.

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салауатты өмір салтын насихаттау, халықтың денсаулығын жақсарту, спортпен шұғылдану туралы әрдайым айтып келеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан спорты едәуір дамыды. Елбасының спортқа жіті көңіл бөлуіне байланысты бірнеше әлем чемпиондары, олимпиада чемпиондары шықты. Қазақстан мемлекеті әртүрлі спорт түрлерінен әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарды өткізіп келеді.
   Тәуелсіз Қазақстанның спорт саласында 25 жылдың ішінде жеткен жетістіктері мен бағындырған белестері аз емес. Салауатты өмір салтын қалыптастырған еліміздің әлем чемпиондары жас ұрпаққа да үлгі-өнеге. Солардың бірі әрі бірегейі, әлемнің үш дүркін чемпионы, еуразияның чемпионы, әлем кубогының иегері, спорт жұлдызы Ардақ Назаровпен кездесу, жастардың бойына рухани қуаттылық әрі батырлық, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыратыны даусыз.
   Іс-шара аясында оқырман қауымның назарына ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан көрме ұйымдастырылды.
   Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов ашып, А.Назаров пен Ж.Тұраровқа VIR оқырман билетін, 3-томдық «Көшпенділер» кітабын сыйға тартты.
   Іс-шараны белгілі журналист, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы Алматы бюросы бағдарламалар бөлімінің продюссері Дәурен Дариябек жүргізді.

   Сөз сөйлегендер: А.Назаров, Ж.Тұраров, Ғ.Тәшімбай, Ө.Жатқанбайқызы, Б.Тікебаева, М.Шоқан, А.Жолдасов және т.б. Сонымен қатар, А.Назаров қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

   Қатысушылар: белгілі спортшылар, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование