KZ     RU     ENG
Бейсенбі, 03 Шілде 2025



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
барлығы:  15060214
2019 жылы:  125749
бүгiн:  33
қазiр:  10
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

14.12.2016

   2016 жылғы 14 желтоқсанда ҚР Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы шәкіртақыны тағайындау үшін студент жастар мен жоғарғы сынып оқушылары арасында жыл сайын өтетін «Әлем және адам» шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды.

   Іс-шара барысында жыл сайын өтетін «Әлем және адам» студент жастар мен жоғарғы сынып оқушылары арасындағы шығармашылық байқаудың қорытындысы мен байқау жеңімпаздары оқушыларды, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарын Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы шәкіртақымен салтанатты түрде марапаттау өтті.
   ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Т.Сейдуманов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, жазушының қызы Ж.Ә.Нұршайықова сөз сөйледі.
   Іс-шараға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының ұстаздары, магистранттар, жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты.

   Іс-шара барысында жазушының шығармаларынан кітап көрмесі, шағын поэзиялық кеш ұйымдастырылып, салтанатты түрде байқау жеңімпаздары марапатталды және барлық қатысушыларға Ә.Нұршайықовтың мемориалдық кабинетіне экскурсия жүргізілді.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование