KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885958
2019 жылы:  19673
бүгiн:  1
қазiр:  36
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

20.12.2016

   2016 жылғы 20 желтоқсанда Н.Даулетова атындағы залда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Түркиядағы елшілігі, ТҮРКСОЙ және Еуразия кітапханашылар қауымдастығының қолдауымен Түркияда түрік тілінде  шыққан «Atayurt’tan Öyküler – Kazakistan. Hüzün Kuşağı» (Атажұрттан әңгімелер – Қазақстан. Мұңдас буын) атты әңгімелер жинағының тұсаукесері өтті.

   Екі ел арасындағы мәдени байланыстардың ең ауқымды бөлігін көркем өнер мен шығармашылық саласындағы қарым-қатынастар құрайды. Түркі халықтарының тарихын, тілі мен әдебиетін, мәдениеті мен өнерін біртұтас дүние ретінде бағалайтын, зерттейтін, дамытатын, болашақ ұрпақтарға мұра етуді мақсат тұтатын халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының атқарып жатқан істері сан алуан. Қазақстан ақын-жазушылары да Қазақстан мен Түркия арасындағы достық дәнекері ретінде қызмет етеді.
   Әңгімелерді түрік тіліне аударып, жинақты құрастырған аудармашы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Мәлік Отарбаев. Жинаққа Берік Шаханұлы, Мархабат Байғұт, Смағұл Елубай, Несіпбек Даутайұлы, Нағашыбек Қапалбекұлы, Дидахмет Әшімханұлы, Нұрдаулет Ақыш, Жұматай Шаштайұлы, Тұрысбек Сәукетай, Ертай Айғалиұлы, Қуандық Түменбай, Рақымжан Отарбаев, Мақсот Ізімұлы, Көсемәлі Сәттібаев, Қали Сәрсенбай, Сәбит Дүйсенбиев, Серікқали Хасан, Нұрғали Ораз, Жанабек Шағатай, Асқар Алтай, Роза Мұқанова, Айгүл Кемелбаева, Серік Нұғман, Гүлзат Шойбекова және Мәлік Отарбаевтың әңгімелері енгізілді.
   Іс-шараға Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрлігі Кітапханалар мен баспа ісі Департаментінің төрағасы Хамди Туршужу, Еуразия кітапханашылар қауымдастығының төрағасы Мұстафа Чалышкан, жинақтың құрастырушы Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының өкілі Мәлік Отарбаев қатысты.
Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов ашып, жазушы Нағашыбек Қапалбеков жүргізді.
   Сөз сөйлегендер: Көсемәлі Сәттібаев, Мақсот Ізімұлы, Гүлзат Шойбекова, Айгүл Кемелбаева және т.б.
   Іс-шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ж.Сейдуманов Мұстафа Чалышкан мен Мәлік Отарбаевқа қазақтың шапанын жапты. Хамди Туршужуға «Көшпенділер» кітабын сыйға тартты. Өз тараптарынан түрік өкілдері кітапхана қорына кітаптар сыйлады.

   Қатысушылар: Алматы қаласындағы Түркия Республикасы Бас консулдығының өкілдері, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, тарихшылар, жоғарғы оқу орындарының студенттері, БАҚ өкілдері.

  

  


« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование