KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14886016
2019 жылы:  19731
бүгiн:  1
қазiр:  46
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

22.12.2016

   2016 жылғы 22 желтоқсанда Ермек Тұрсыновтың киноклубында актер, әнші «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Б.Есенәлиевтің «Жанымның жәдігерлері», «Сана сандығы», «Ұлы дала перзенттері» атты үш томдық кітабының тұсаукесері өтті.

   Бірінші том. Өлеңдер мен поэмалар. Жастық шақтағы албырт сезім жырлары, ақыл толыса бастаған, есею кезеңінде өлеңге айналған ойлары, ағаға айналып, алды-артын толық бағамдаған кезіндегі байламдары, сонымен қатар әр кезеңде Байғалиға арнап жазылған аға, замандас ақындардың (Иран Ғайып, Қ.Бегманов, Г.Шәмшиевамен бірге есімі белгісіз күйінде қалуын қалаған замандастардың жыр лебізі. Кітаптың алғысөзі ретінде, Байғалиға көзі тірісінде сәт сапар тілеп кеткен Тұманбай Молдағалиев ағамыздың, сондай-ақ әр кезде оның өмірдегі, өнердегі келбетіне назар салып жүретін Аққұштап Бақтыгереева, Исраил Сапарбай, Әбдірахман Асылбеков сынды аға-апаларының ыстық лебізі алынған.
   Екінші том. Театр сахнасында жүрген кезіне деген ыстық сағынышы мен әріптестері туралы қызықты естеліктерден тұрады және соңғы кезде өзі қызмет атқаратын қазақстандағы авторлық құқық саласының мәселелеріне арналған. Сонымен бірге, өзі көп жылдар зерттеген Мұхаммед Хайдар Дулати тақырыбына арналған тарихи-зерттеу еңбектері енген.
   Үшінші том. Әр жылдары дүниеге келіп, еліміздің театр сахналарында қойылған пьесалары мен А.Әшімов, Н.Ықтымбаев, С.Нарымбетов, С.Жармұхамбетов сынды киноқайраткерлерінің кезінде жоғары пікіріне ие болып, өз уақытын тосып жатқан киносценарийлерінен құралған.

   Кешке қатысқандар: Қазақстанның халық әртісі Н.Ықтымбаев, профессор А.Құлбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген әншілері Қ.Бекішев, Г.Дәукенова, Г.Ақүрпекова, М.Орашева, Ө.Айниязов,ақын-жазушылар, қоғам және өнер қайраткерлері, БАҚ өкілдері және т.б.  

 


 

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование