KZ     RU     ENG
Жұма, 20 Қыркүйек 2024



 
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖС
           1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
барлығы:  14885920
2019 жылы:  19635
бүгiн:  1
қазiр:  3
Негізгі бетке өту
Жаңалықтар

21.12.2016

   Өнер бөлімінің оқу залында композитор, күйші, ақын, домбырашы Мұхит Мұхамбеткерей Мералыұлы 175 жылдығына арналған «Ерекше дарын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Мұхит Мұхамбеткерей Мералыұлы (1841-1918) қазіргі Батыс Қазақстан обылысы Қара төбе ауданының Ақбақай ауылында дүниеге келген. 1918 жылы халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы Әбілхайыр әулетінен шыққан, Қаратай сұлтанның немересі. Мұхиттың туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша Жүсіп өнерпаз адамдар болған. Мұхит Орынбор, Қостанай, Жаманқала (орск), Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау, өңірлерін аралап, «Әнші Мұхит» «Сал Мұхит» атанды. Мұхит уақыт, қоғам, өмір туралы «Дүние-ай», «Зәуреш» әндерін толғады. «Паң көйлек», «Қыпшақ», «Дөң асқан», «Кербез» әндері Мұхиттың әншілік өнерінің сан қырлы табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, нәзік те сырлы, мөлдір лиризімге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін қалыптастырды. А.В. Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» кітабында Мұхитты «Қазақтың Баяны» атап, Қазақстанның батысында Мұхиттың шығармашылығын белгілі ән мектебі деп қарау керек деп жазады. Мұхит сұлу ат мініп, сәнді киінді; қасында ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрді; шәкірттері де көп болды. Ол тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мұхиттың бір күйін Затаевич нотаға түсірген. «Күйдің көлеміне, формасына, даму кезеңдеріне қарағанда, ол профессионал домбырашының қолынан шыққан» деп жазды. А. Жұбанов. Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары Шоң мен Нәу; немерелері – Шайхы, Лұқпан Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін, орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып, халық арасында насихаттаушы - Ғ. Құрманғалиев, Т. Ибрагимова, Н. Әбілова және т.б. Мұхит әндері жеке жинақ болып басылып, оның шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармаларында кеңінен пайдаланды. Е. Г. Брусиловский Мұхиттың «Алуаш» әнін «Жалбыр», «Үлкен Оразын» - «Қыз Жібек», «Дүние-ай» әнін «Ер Тарғын» операларында пайдаланды. Б. Г. Ерзакович «Айнамкөз» әнін өзінің ішекті аспаптар квартетінде, ал «Зәуреш» әнін Л.М. Шаргородский мен С.И. Шабельский Симфоньеттасына» тақырып етіп алды.

   Көрмеде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап, мерзімді басылымдар қорынан композитор, күйші, ақын, домбырашы  Мұхит Мұхамбеткерей Мералыұлының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

   Кітап көрмесіне шақырамыз!

« Артқа | Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар
Copyright © 2004-2019
Барлық құқықтары қорғалған
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Кiтапханасы
Разработка веб-сайтов, интернет-магазинов, хостинг в Казахстане, программирование